Бейбарыс ауылдық округіне қарасты Бейбарыс ауылында өткен
қоғамдастық жиынның №11 хаттамасы
Бейбарыс ауылы
01 желтоқсан 2025 ж.
Өткізілген уақыты: 15:00
Өткізілген орңы: "Жас дәурен" мәдениет үйі, Бейбарыс ауылы
Қатысқандар ауыл тұрғындары, жергілікті қоғамдастық мүшелері 75 адам
Жиынды ауылдық округі әкімі С.Зулхашев ашып ауыл тұрғындарына
бүгінгі жиынды жүргізу үшін жиынның төрағасы мен хатшысын сайлауды
ұсынды.
Көпшілік дауысы негізінде жиынның төрағасы Ж.Жакупов, хатшысы
A.Суханғалиева болып сайланды.
A.Суханғалиева күн тәртібімен таныстырып, жиынды жүргізіп отырды.
Күн тәртібі:
1. Бейбарыс ауылдық округіндегі атауы жоқ көшеге атау беру туралы.
Жиында соғыс ардагерлерінің өмірбаяндарына жеке-жеке тоқталып өтті.
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы 80 жылдығына орай, Кенес Одағы
батырлары мен бір немесе одан да көп ордендері бар Ұлы Отан соғысындағы
ардагерлерді ұлықтау мақсатында көшелерге есімдерін беру үшін ұсыныс
болған еді. Бейбарыс ауылдық округінде тұрған, ҰОС ардагері болған марқұм
Тұқпашев Хайролла, Сайбалиев Сабыр, Кенжегулов Зинеш, Егізбаев Ізімберген
ұрпақтары бүкіл құжаттарын жинақтап, өтініш білдірген. Бейбарыс ауылында 3
атауы жоқ көше бар екен. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт
министрлігінің 2013 жылғы 1 тамыздағы №211 «Әкімшілік-аумақтық
бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта
атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту
кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы»
бұйрығына сүйене отырып, көшеге атау беру үшін жергілікті халықтың пікірін
тыңдау қажет екен. Бейбарыс ауылы ішінен атауы жоқ көшелерге атауларын
беру мәселесі келісім алуға қаралады.
Сөйлеушілер:
Сөз сөйлеген қоғамдастық мүшесі, ардагерлер кеңесінің төрағасы ауыл
тұрғыны С.Мукашев:
Ауылымыздың ардақты тұлғалары көше беруге келісеміз. Жастарға
патриоттық тәрбие беру үшін де осындай бастамалардың маңызы зор. Осы
тұлғалардың бәрі де лайықты деп есептеймін. Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлесіміздің аты көше атауымен жаңғырып жатса, бұл - үлкен құрмет.
Қолдаймын.
Сөз сөйлеген қоғамдастық мүшесі, ауыл тұрғыны С.Сұпығалиев:
Сұрапыл соғыстан аман келіп, осы ауылымызда көп жыл еңбек етті,
артында ізін қалдырды, қазіргі ұрпақтарға дейін есімі танымал тұлға. Бір қатар
марапаттары бар екен, үлгі боларлықтай. Келісеміз.
Сөз сөйлеген зейнеткер, ауыл тұрғыны С.Қазиева:
Ауылымыздың ардерлеріне көше атын беру ұсынылған тұлғалардың бәрі
де орындары ерекше. Менің ұсынысым бастапқы құжат тапсырып, өтініш
берген үш тұлғаны өткізсек деп есептеймін.
Сөз зейнеткер, ауыл тұрғыны Ж.Жакупов:
та\ААбуталина А.
Ардагерлердің бәрі елге ұрпаққа еңбегі сіңген тұлғалар. Егізбаев
Ізімберген атамыз құжаттарды кеш тапсыруына байланысты кейінге алып
қалып жатырмыз. Бірақ алдағы уақыттарда ауылымздан көше атауын осы
атамызға есім беруді қолға алуды ұсынамын. Соғысқа қатысып, соғыстан
кейінде ауылымызда еңбек етіп, үлкен қызметтер атқарды, өз іздерін
қалдырды. Бейбарыс ауылындағы үш көше атауын Тұқпашев Хайролла,
Сайбалиев Сабыр, Кенжегулов Зинеш тұлғаларға беруге келісеміз.
Тұрғындар бірауыздан ұсынысты қолдап Бейбарыс ауылдық округінің
атауы жоқ көшеге Тұқпашев Хайролла, Сайбалиев Сабыр, Кенжегулов Зинеш
атауын беру туралы ұсыныстарды бірауздан қолдады.
о
отдел ку
куль
Жиын қаулы етеді:
нный
1. Бейбарыс ауылдық округіндегі атау жоқ көшелерге YOC жеңістің 80
жылдығына орай ұлықтау жоспарланған Қеңес Одағы батырлары мен бір
немесе одан да көп ордендері бар ҰОС ардагерлеріне көшелерге атау беру
бойынша атап айтқанда Тұқпашев Хайролла (1911 ж.т.), Сайбалиев Сабыр
(1917 ж.т.), Кенжегулов Зинеш (1922 ж.т.) атты тұлғалардың есімдерін
көшелерге беру туралы ұсыныс қабылдансын.
2. Бейбарыс ауылдық округі тұрғындарының пікірі негізінде, Ұлы Отан соғысы
ардагері Егізбаев Ізімбергеннің құжаттарын жинақтап, тиісті талаптарға сәйкес
рәсімдеп, болашақта атауы жоқ көшелердің біріне оның есімін беру мақсатында
аудандық ономастика комиссиясына ұсыну ұсынылады. Жиын төрағасы:
Ж.Жакупов
Жиын хатшысы:
R
A. Суханғалиева