Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У !!!
«Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік жұмыскері және үздік әлеуметтік жоба» 2025 жылға арналған республикалық конкурсы өтетінін хабарлайды. Өңірлік деңгейде 7 номинацияға өтінімдер қабылданады, атап айтқанда: - «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының үздік жұмыскері»; - «Үйде қызмет көрсету ұйымдарының үздік әлеуметтік жұмыскері»; - «Үздік мемлекеттік әлеуметтік инспектор»; - «Медициналық-әлеуметтік сараптаманың үздік жұмыскері»; - «Үздік әлеуметтік педагог» (арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде); - «Еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығының) үздік жұмыскері»; - «Үздік әлеуметтік жоба». Тілек білдірушілерді қатысуға шақырамыз! ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі