Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау анықтамасы және жоспары

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне сыбайлас жемқорлық

тәуекелдеріне ішкі талдау анықтамасы

 

І.КІРІСПЕ БӨЛІМ:

 

Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің   (бұдан әрі -Бөлім) 2025 жылғы 16 маусымдағы №23 бұйрығы негізінде қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды. Топ құрамы қоғамдық кеңес мүшесі, ауданы әкімдігінің заңгері және Бөлім қызметкерлерімен қамтылған. 

Талдаумен Бөлімнің қызметі қамтылды.

Қамтылған кезең : 2024-01.07.2025 жылдар.

Ішкі талдау өткізу кезеңі: 08.05.2024 жылдан 31.05.2025 жылға дейін.

 

ІІ. АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАУ БӨЛІМІ:

 

Махамбет ауданында, Халықты әлеуметтік қорғау саласына ерекше назар аударылады. Мұны осы салаға бөлінген қаражаттың ұлғаюымен байқауға болады.

     Соңғы 3 жылда әлеуметтік қорғау саласында жергілікті бюджеттен 1,12 млрд. астам қаражат бөлді (1 123 889 800 тг.) теңге, оның ішінде:

2022 ж.-277 911 000 тг.;

2023 ж.-388 469 000 тг.;

2024 ж.-457 509 800 тг.

 

 Олардың ішінде:

  • Атаулы әлеуметтік көмекке (бұдан әрі -АӘК)- 122 884 000 тг.;
  • мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен қамтамасыз ету-293 444 000 тг;
  • оның ішінде жеке көмекшілер- 99 717 500 тг.;
  • инватакси- 38 292 171 тг.;
  • әлеуметтік көмек (АӘК-тен басқа)- 362 572 000 тг.;
  • өзге де- 306 697 629 тг.

        Өңірде әлеуметтік осал халық санатына жататын 7487  адам мен отбасы бар, оның ішінде:

мүгедектер-1054 адам;

көпбалалы отбасылар-1251;

зейнеткерлер-3653;

жұмыссыздар-1108;

жалғыз асыраушысынан айырылған отбасылар-344;

кедейлік шегінен төмен тұратын отбасылар-77.

 

Бөлім қызметінде мынадай сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

 

Жеке көмекшілер бойынша.

Мүгедектігі бар адамды оңалту мен оңалтудың жеке бағдарламасына (ҚР Премьер–Министр орынбасарының - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 жылғы №288 бұйрығы) сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидалары құқықтық негіз болып табылады.

Жеке көмекшілердің орындалған жұмыстардың актілерін тапсыру кезінде жеке көмекшілердің мүгедектігі бар адамның жеке көмекшісінің сүйемелдеуімен объектілерге баруына күніне рұқсат етілген ең көп сағатын(8 сағат) көрсету қаупі анықталды (Қағидалардың 29-тармағына сәйкес жеке көмекшінің көрсетілетін қызметтерінің көлемі күніне 8 сағаттан артық емес есебінен). Алайда, мүгедектігі бар адамдарды нысандарға баруға көмек көрсету кезінде жеке көмекшілер осы сағатты шынымен жұмсай ма, жоқ па, оны ешкім тексермейді. Тексеру бөлімді құзырында көзделмеген.

Орындалған жұмыстардың актілерін зерделеу көрсеткендей, жеке көмекшілер мүгедектердің сауда объектілеріне, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына, медициналық мекемелерге баруын көрсетеді, оларға күнделікті 8 сағат жұмсалады.

Алайда, 1-топтағы мүгедектігі бар адам күн сайын күніне 8 сағаттан үйден тыс жерде болуы  мүмкін емес деп есептейміз, мысалы, орындалған жұмыстар актілерінде көрсетілгендей, сауда объектілерінде, өйткені бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар денсаулығының ауыр бұзылулары бар адамдар.

Актілерде мүгедектігі бар адамдар объектілерге күн сайын 8 сағаттық бару көрсетіледі. Бұл ретте орындалған жұмыстар актілеріне мүгедектер қол қояды (80% мүгедектердің туыстары жеке көмекшілер болып табылады).

Жеке көмекшілердің нақты жұмсаған сағаттарын тексеру халықтың әлеуметтік осал топтары тарапынан наразылық туындау мүмкін болғандықтан, төлемдердің барынша көп алу мақсатында жеке көмекшілердің орындаған жұмыстарының актілерін тапсыру рәсімі соңғы және мүгедектерді ай сайынғы іс жүзіндегі құжаттарды бұрмалауға итермелейді, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызады.

 Ұсынылады:

- орындалған жұмыстардың актілеріне дұрыс емес мәліметтер енгізуді болдырмау мақсатында жеке көмекшілерге ай сайынғы бірыңғай әлеуметтік төлемді тағайындаған жөн есептейміз.

 

Инватакси қызметтерін ұсыну бойынша.

Әлеуметтік саласындағы проблемалық мәселелердің бірі инватаксидің қызметін атап өтуге болады, өйткені бұл қызметтерді тек мүгедектігі бар адамдар пайдаланады және бұл үшін бюджеттен көп қаражат бөлінеді.

Мүгедектігі бар адамдар инватакси қызметтерін көрсетуді жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі-ЖАО) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асырады.

Мүгедектігі бар адамдар тасымалдауды Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілген .

Автомобиль көлігімен мүгедек адамдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес ЖАО реттейді. Өз кезегінде, ЖАО инватакси қызметтеріне ақы төлеу автомобиль көлігінің нақты жұмыс уақытынан, атап айтқанда сағатпен (машина-сағат) алынады.

Махамбет ауданында бұл қызметті 2025 жылы 1 жеткізуші көрсетіп отыр - "Атырау облысының мүгедектер қоғамы" ҚБ.

Бұл ретте, жыл сайын осы қызметке бюджеттен бөлінетін қаражат ұлғайып отыр. Мәселен, Махамбет ауданында инватакси қызметіне 2022 жылы 8,8 млн.теңге, 2023 жылы -12,3 млн. теңге және 2024 жылы -17,1 млн. теңге бөлінді.

 Осы қызмет бойынша бюджет шығысының ұлғаю себептің бірі мүгедектерді жеткізушілердің тасымалдау уақытын жасанды түрде асыра бағалау болып табылады.

Ұсынылады:

-Инватакси қызметін "Яндекс-такси", "Tez Taxi" және т.б. бағдарламалармен цифрландыру мүмкіндігін қарастыру.

 

           Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту бойынша.

Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығы) қызметтерін ұсыну қағидалары құқықтық негіз болып табылады.       

Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат алған уақытта жұмыс берушілердің үй шаруашылығындағы жұмыстармен айналысу (жұмысшы) үшін рұқсат беріледі.

Еңбекші көшіп келушілерге қызмет көрсету мақсатында жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемнің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылған кезде бөлім рұқсат береді. Алайда, жеке табыс салығы төленіп, бірақ төлем бойынша мемлекеттік қызметі көрсетілмеген жағдайда бөлім арқылы Еңбекші көшіп келушілерге анықтама беріліп отыр. Еңбекші көшіп келушілерге анықтама беру туралы қағидада көзделмеген (жасырын қызмет).  

 

Ұсынылады:

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығына өзгеріс енгізу үшін, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу туралы  салалық басқармаға ұсыныс хаттар жолдансын.

 

Сәйкестік туралы декларациясы бойынша.

Сәйкестік туралы декларацияға сәйкес халықтың аз қозғалатын топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуді Халықты әлеуметтік қорғау органдары растайды. (ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.04.2017 жылғы №235 бұйрығына 3-қосымша).

Сәйкестік туралы декларацияға сәйкес халықтың аз қозғалатын топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуді Халықты әлеуметтік қорғау органдары растайды делінген. Алайда, сәйкестендіру үшін декларациясын сәйкестігі реттейтін құжаттар бекітілмеген.

Қазіргі уақытта сәйкестік туралы декларацияға растау үшін мердігерлер бөлімге хабарласып, растау туралы қол қоюды талап етеді.

Әлеуметтік кодексте сәйкестік туралы  растауға қол қою бөлімнің құзіретінде көзделмеген.

Сонымен қатар, декларациядан сәйкестігін анықтау үшін қағида бекітілмеген, сол себепті бас тартуға немесе бекітуге негіздер болмауы мемлекеттік органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі болып табылады.

 

Ұсынылады:

Аудан әкімдігіне декларациядан сәйкестігін анықтау үшін аталған қызметті  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу туралы ұсыныс жолдауға;

Сыбайлас жемқорлық нәтижелері бойынша ұсынымдар:

  1. Жеке көмекшілер бойынша-Орындалған жұмыстардың актілеріне дұрыс емес мәліметтер енгізуді болдырмау мақсатында жеке көмекшілерге ай сайынғы бірыңғай әлеуметтік төлемді тағайындаған жөн есептейміз.
  2. Инватакси қызметтерін ұсыну бойынша-  -Инватакси қызметін "Яндекс-такси", "Tez Taxi" және т.б. бағдарламалармен цифрландыру мүмкіндігін қарастыру.
  3. Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту бойынша- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығына өзгеріс енгізу үшін, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу туралы салалық басқармаға ұсыныс хаттар жолдансын.
  4. Сәйкестік туралы декларациясы бойынша- Аудан әкімдігіне декларациядан сәйкестігін анықтау үшін аталған қызметті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу туралы ұсыныс жолдауға;

ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ

 

 

 

1.

Пазулов Жексенбай

Дюсенбаевич

Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы, топ жетекшісі;

 

2.

Сейлова Алия Сарсенбаевна

Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары,

 

3.

Әженов Руслан Болатұлы

Махамбет аудандық қоғамдық кеңес мүшесі,

 

4.

Бағдалова Шамшырақ Жандарбекқызы (келісім бойынша);

Махамбет ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар, мемлекеттік көрсетілетін қызметті бақылау бөлімінің басшысы,

 

5.

Үмбетова Гүлбағила

Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас  маманы,

6.

Ниязова Эльмира Қамидоллақызы

Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас  маманы,

7.

Койбакова Багдагуль Есенамановна

Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас  маманы.

 

Талдамалық анықтама
Дата публикации
06 августа 2025