«Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
КІРІСПЕ БӨЛІМІ:
1) Шакимов Асылхан Калкенович – Бөлім басшысы;
2) Жұмашев Ерлан Саматұлы – Бөлімнің бас маманы;
3) Тәжбентаев Рамазан Әнуарұлы – Бөлімнің бас маманы;
4) Жиенғалиев Құралбек Каримұлы – Бөлімнің бас маманы.
СИПАТТАМА БӨЛІМІ:
Бөлімнің мемлекеттік мекемесінің ұйыдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
ІІ. Талданатын объект туралы мәліметтер:
Бөлім аудан көлемінде инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автокөлік жолдарын басқару, ауданішілік қоғамдық тасымалдарды ұйымдастыру, жылу беру маусымы, жарықтандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрмыстық қатты қалдықтар бойынша мониторинг жүргізу, абаттандыру және басқа да, жалпы 36 функциядан тұратын қызметтерді жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік мекеме болып табылады.
Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де НҚА-ға, сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады. Есепті кезеңде Аудан әкімі аппаратында өз қызметін жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар орын алмаған.
Мекен-жайы: Махамбет ауылы, Абай көшесі № 16 ғимарат.
ІІІ. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Бөлімнің штат саны – 9 (бөлім басшысы -1, бас маман-3, әдіскер-1, нұсқаушы-2, статист-2).
2 мемлекеттік қызметкерлерге «ескерту» түріндегі тәртіптік жазалар қолданылды.
ІV. Мүдделер қақтығысын реттеу
Бөлімде мүдделер қақтығысы жоқ.
Бөлім арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 9 (тоғыз).
|
№ |
Қызмет атауы |
Мемлекеттік қызмет коды |
|
1 |
Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау/ Субсидирование убытков перевозчика, связанных с осуществлением автомобильных пассажирских перевозок по социально значимым сообщениям в межрайонном (междугородном внутриобластном), внутрирайонном, городском (сельском) и пригородном сообщениях |
01101006 |
|
2 |
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту/ Утверждение маршрутов и расписания движений регулярных городских (сельских), пригородных и внутрирайонных автомобильных перевозок пассажиров и багажа |
01101007 |
|
3 |
Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу/ Согласование размещения объектов наружной (визуальной) рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения |
01104002 |
|
4 |
Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру/ Выдача паспорта готовности энергопроизводящим и энергопередающим организациям к работе в осенне-зимний период |
01401002 |
|
5 |
Ағаштарды кесуге рұқсат беру/ Выдача разрешения на вырубку деревьев |
01404012 |
|
6 |
Тұрғын үй көмегін тағайындау/ Назначение жилищной помощи |
02701001 |
|
7 |
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы/ Постановка на учет и очередность, а также принятие местными исполнительными органами решения о предоставлении жилища гражданам, нуждающимся в жилище из государственного жилищного фонда или жилище, арендованном местным исполнительным органом в частном жилищном фонде |
02701002 |
|
8 |
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру/ Приватизация жилищ из государственного жилищного фонда |
02701003 |
|
9 |
Тұрғын үй сертификаттарын беру/ Выдача жилищных сертификатов |
02701005 |
Халықты қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар ету үшін бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша қолданыстағы стандарттар мен регламенттер, сенім телефонының нөмірі, бөлім басшысының азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауының бекітілген кестесі орналастырылған ақпараттық стенд рәсімделген.
Бөлімде Жасыл екпелерді күтіп ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы.
VII. Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
Бөлімге барлығы – 67 өтініш тіркелді . Оның ішінде, е-өтініш арқылы 48, қағаз түрінде 19, почта арқылы 2 өтініш түсті.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облыстық басқармасына ай сайын «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» салыстырмалы тексеру актісі тапсырылуда.
VIII. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы
«Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Этика Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.
IХ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер
Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.
№1 тәуекел. Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VІІІ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 8-бап 6-тармағында «Осы баптың 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда, әлеуетті өнім беруші өзіне осындай тізілімге енгізілгені туралы мәлім болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісу комиссиясына өзін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тастау туралы өтінішхатпен жүгінуге құқылы» деп көрсетілген. Бұл түпкілігінде тапсырыс берушінің бастамашылық жасауына байланысты мүдделі екенін білдіреді.
Ұсыным. Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VІІІ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 8-бап 6-тармағында «Осы баптың 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда, әлеуетті өнім беруші өзіне осындай тізілімге енгізілгені туралы мәлім болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға немесе сот органдарына жүгінуге құқылы» деп өзгертуге ұсыным етіледі. Бұл түпкілігінде тапсырыс берушінің бастамашылық жасауға мүдделі екеніне тосқауыл қойылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары
І.Кіріспе
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
ІІІ. Қорытынды бөлімі
Бөлімде мүдделер қақтығысы бар фактілер анықталған жоқ.
Талдау қорытындысы бойынша «тұрғын үй сертификаттарын беру» мемлекеттік қызметін жүзеге асыру бойынша 1 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды, онда өтініш беруші әкімшілік кеңсесіне құжаттар топтамасын береді, осылайша көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті беруші тікелей байланыста болады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекеліне алып келуі мүмкін.
Бөлімде Жасыл екпелерді күтіп ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы.
VII. Бақылау функцияларын іске асыру
Бөлімге төмендегі бақылау-қадағалау функциялары жүктелген.
- тұрғын үйлерде жылу, энерго, газ және су ресурстарын есептейтін құралдарының бар болуын бақылау;
- кондоминиум нысанындағы жалпы қолданылатын мүліктің күрделі жөндеудің бөлек түрлерімен орындалған жұмыстарының сапасын бақылау;
- құрылыс мөлшері мен ережелеріне және жобаларға сәйкес құрылыс тәртібін, жұмыс технологиясын сақтауды бақылау;
- кәріз, су құбырлары нысандарының жөндеу жұмыстарын жүргізіп, күнделікті бақылау.
VIІІ. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.
Бөлімнің есепті кезеңге арналған қаражаты толығымен жыл соңына дейін 100% пайызға толығымен игерілген, бөлімнің қызметінде бюджет қаражатын игеру және бөлу функциялары қарастырылмаған.
Аудан әкімі аппаратымен ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен 128 мемлекеттік сатып алу шарты жасалған.
Х. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.
Бөліммен ақпараттық жүйелер әзірленбеген, себебі барлық ақпараттық жүйелер Атырау облысының әкімдігі арқылы жүргізіліп келеді.
Талдау нәтижесінде бөлімнің қызметінде қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын себептерді жою бойынша ҰСЫНЫМДАР:
«КЕЛІСІЛДІ»
Жұмыс тобы мүшелері:
|
Шакимов Асылхан Калкенович |
Бөлім басшысы |
|
Жұмашев Ерлан Саматұлы |
Бөлімнің бас маманы |
|
Тәжбентаев Рамазан Әнуарұлы |
Бөлімнің бас маманы |
|
Жиенғалиев Құралбек Каримұлы |
Бөлімнің бас маманы |