Атырау облысы  Махамбет ауданы  Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2024 жылдың 1 маусымы мен 2025 жылдың 1 маусымы аралығы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА және жоспары

Атырау облысы  Махамбет ауданы  Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2024 жылдың 1 маусымы мен 2025 жылдың 1 маусымы аралығы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімінің 2025 жылғы 15 шілдедегі №443 «Жұмысшы тобын құру туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары келесі жұмысшы тобымен жасақталды:

         1) Салиев Ақылбек Мұхызаруевич-бөлімнің басшысы;                         2)Зулқашев Алтынбек Шәудірұлы-бөлімнің бас маманы;

3)Сақтапова Парасат Аманбайқызы бөлімнің бас маманы;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:                2024 жылдың 1 маусымы мен 2025 жылдың 1 маусымы аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

2.Мүдделер қақтығысын реттеу                                                                               3. Мемлекеттік қызмет көрсету

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру
  2. Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
  3. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы.
  4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:               2024 жылдың 1 маусымы мен 2025 жылдың 1 маусымы аралығы.

«Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы. Абай  көшесі №22.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Бөлімде штат саны бойынша 3 мемлекеттік қызметкер, бос лауазымдық орын жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

Мекемеге мүдделер қақтығысы бойынша өтініштер түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

 «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-де   2020 жылғы 1 қазандағы Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы №301 бұйрығына сәйкес:

1.«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту»;

2.«Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау»,

3.«Жер учаскесін жеке меншікке бөліп төлеуге сату»;

4.«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»; 4 (төрт) мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.

Сонымен қатар, аудан әкімі және ауылдық округтер арқылы электронды түрде Е-лицензия ақпараттық жүйесі мен жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметтері; Атап айтқанда:

1.«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

2.«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру»;

  1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;
  2. «Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру»;

5.«Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру»;

  1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»; қызметтерін орындалуына ықпалдасады.

2024 жылдың 1 маусымы мен 2025 жылдың 1 маусымы аралығында шаруа қожалығын жүргізу үшін 1 мәрте конкурс өткізіліп, 12 жер учаскесі шығарылып, конкурстық комиссияның қорытындысы негізінде он екі жер учаскесінің жеңімпаздары анықталды.

2024 жылдың 1 маусымы мен 2025 жылдың 1 маусымы аралығында сауда-саттық аукцион 2 мәрте өткізіліп, 7 жер учаскесі шығарылып, конкурстық комиссияның қорытындысы негізінде бес жер учаскесінің жеңімпаздары анықталды.

 2024 жылдың 1 маусымы мен 2025 жылдың 1 маусымы аралығында 763 жер учаскесін уақытша өтеулі және өтеусіө жер пайдаланудың (жалдаудың) шарты және 43 жер учаскесін сатып алу-сатудың шарты жасақталды.

№1 тәуекел. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" өтініш нысаның қазақша мәтінінде «өтеусіз» деген соз жоқ, ал орыс текст аудармасында «безвозмездно» деген.

Ұсыным: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің                 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" өтініш нысанына ресми өзгеріс енгізу қажет.

№2 тәуекел. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" өтініш нысаның орыс мәтінінде мерзім «год (лет)» деген соз жоқ, ал қазақ текст аудармасында «жыл» деген.

Ұсыным: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің                 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" өтініш нысанына ресми өзгеріс енгізу қажет.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

«Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде  рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

2024 жылдың 1 маусымы мен 2025 жылдың 1 маусымы аралығында Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімінде барлығы – 170 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан – 154, заңды тұлғалардан – 16 өтініш.

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

«Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Этика Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

         «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде есепті мерзім ішінде – 646 бұйрық, оның ішінде-596 ортақ, 50-і негізгі бұйрықтар қабылданды.

Ағымдағы жылдың есепті мерзімі ішінде қабылданған нормативтік актілерге қатысты Прокуратура және Әділет органдары тарапынан аталған мәселеге байланысты қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түскен жоқ.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

 

І.Кіріспе

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізілді Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі №22, электронды пошта: mahambet-zem@mail.ru. телефон нөмірі 871(236)2-17-63.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі:

басталды 21 шілде,  аяқталды 4 тамыз.

  1. Бақыланатын кезең: 2024 жылдың 1 маусымы мен 2025 жылдың 1 маусымы аралығы.

 

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

 

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

Тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталмады.

 

ІІІ. Қорытынды бөлімі

 

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысы бар фактілер анықталған жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету.

         Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.

 

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

         Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесінде рұқсат беру функциялары көзделмеген.

 

         VII. Бақылау функцияларын іске асыру

         Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бақылау функциялары іске асырылмайды.

 

         VIІІ.  Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

         Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  есепті кезеңге арналған қаражаты толығымен жыл соңына дейін 100% пайызға толығымен игерілген, бөлімнің қызметінде бюджет қаражатын игеру және бөлу функциялары қарастырылмаған.

 

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

         Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес заңды тұлғалармен 148 мемлекеттік сатып алу шарты жасалған.

 

         Х. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

         Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ақпараттық жүйелер әзірленбеген, себебі барлық ақпараттық жүйелер Атырау облысының әкімдігі арқылы жүргізіліп келеді.

         Талдау нәтижесінде аппараттың қызметінде қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын себептерді жою бойынша ҰСЫНЫМДАР:

  1. Мемлекеттік сатып алу және конкурс жұмыстарын қатаң заңдылыққа сай жүргізуге.
  2. Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде келіп түскен арыз-шағымдарды мерзімінде және сапалы орындауға.
  3. Атырау облысы әкімі аппаратына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" өтініш нысанына ресми өзгеріс енгізу бойынша ұсыныс хат жолдау;

        

 

 

 

 

Дата публикации
04 августа 2025