Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2024 жылдың маусым айы мен 2025 жылдың маусым айы аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша талдамалық анықтама
КІРІСПЕ БӨЛІМІ:
1) Төлеуғалиев Жігербек Берікқалиұлы -аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы;
2) Бақтыгерей Саят Бақтыгерейұлы-аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы;
3) Кубашева Камар Хамидоллаевна-аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы;
СИПАТТАМА БӨЛІМІ:
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ж.Төлеуғалиев ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Талданатын объект туралы мәліметтер:
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі- құзыреті шегінде аудан әкімдігінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де НҚА-ға, сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады. Есепті кезеңде аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміөз қызметін жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар орын алмаған.
Мекен-жайы: Махамбет ауылы, Абай көшесі № 16 ғимарат.
Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Бөлімде штат саны бойынша 3 мемлекеттік қызметкер, бос лауазымдық орын жоқ.
1 мемлекеттік қызметкерлерге «ескерту» түріндегі 2 тәртіптік жазалар қолданылды.
Мекемеде мүдделер қақтығысы жоқ.
Есепті кезең бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Махамбет ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 3 мемлекеттік қызмет түрі бойынша барлығы 709 қызмет электронды түрде көрсетілді.
«Махамбет құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 3 рұқсат беру функциялары бар, олар : («Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну», «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» және «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру».
Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі арқылы барлығы –196 өтініш тіркеліп, жауаптары өтініш иелеріне уақытылы жолданды. Оның ішінде, е-өтініш арқылы 141, қағаз түрінде 55 өтініш түсті.
««Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Этика Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.
Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.
№1 тәуекел. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңы 26 бабының 9) тармақшасында,«объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;» деген құзыретiлік көрсетілген.
Ұсыным: Бұл қызмет түрі мемлекеттік қызмет көрсету реестріне енгізілмеген. Бөлімге ХҚКО арқылы ИИС ЦОН ГО-мен өтініш түсуде. Қызмет көрсету мерзіміне 1 (бір) жұмыс күні берілген. Сондықтан, осы қызмет түрін мемлекеттік қызмет көрсету реестріне енгізіп, қызмет көрсету мерзімін 3 (үш) жұмыс күніне ұзарту қажет.
№2 тәуекел. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ Заңы бойынша мердігер мекемемен мемлекеттік сатып алу жұмысын жүргізген кезде мердігер мекемеге жалпы сомадан аванс ретінде 30% төленеді. Сол авансты алып алған соң, мердігер мекеме жұмысын бастап болмайды немесе мүлдем бастамайды. Сол себепті, бөлімнің қаржылық балансында дебиторлық берешек жиналып қалады.
Ұсыным: Авансты бірден төлемеу немесе мердігер тарапынан жұмысты бастап, жүріп жатқандағы туралы дәлелдеме құжаттары ұсынылған соң, белгілі бір мерзім өткен соң ғана төлем жүргізу мәселесін қарастыру қажет. Яғни, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ Заңының «мемлекеттік сатып алуды жүзеге асуры үшін бөлінген, қосылған құн салығы есепке алынбаған соманың отыз пайызы мөлшерінде алдын ала төлемді (аванс) көрсетуге» алып тастау ұсынылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары
І.Кіріспе
басталды 01.06.2024-30.06.2025 жыл.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
ІІІ. Қорытынды бөлімі
«Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің мүдделер қақтығысы бар фактілер анықталған жоқ.
«Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
«Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің ережесінде рұқсат беру функциялары көзделген.
VII. Бақылау функцияларын іске асыру
Аудан әкімі аппаратымен бақылау функциялары іске асырылмайды.
VIІІ. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.
«Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі есепті кезеңге арналған қаражаты толығымен жыл соңына дейін 100% пайызға толығымен игерілген, аппараттың қызметінде бюджет қаражатын игеру және бөлу функциялары қарастырылмаған.
«Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-мен ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес заңды тұлғалармен 148 мемлекеттік сатып алу шарты жасалған.
Х. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.
«Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-мен ақпараттық жүйелер әзірленбеген, себебі барлық ақпараттық жүйелер Атырау облысының әкімдігі арқылы жүргізіліп келеді.
Талдау нәтижесінде бөлімнің қызметінде қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын себептерді жою бойынша ҰСЫНЫМДАР:
«КЕЛІСІЛДІ»
Жұмыс тобы мүшелері:
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы
бөлімінің бас маманы С.Бақтыгерей
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы
бөлімінің бас маманы К.Кубашева
Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды:
Бөлім басшысы Ж.Төлеуғалиев