Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімінде жүргізілген
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы
бойынша
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімінің 2025 жылғы 2 шілдедегі №70 «Жұмыс тобын құру туралы» бұйрығына сәйкес, Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімінің қызметіне 2024 жылдың маусым айы мен 2025 жылдың маусым айы аралығындағы жұмыс кезеңіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама төмендегі жұмыс тобымен жасақталды:
Танатарова Салтанат Рахметжанқызы – топ жетекшісі, бөлім басшысының орынбасары;
Сапи Дәуірбек Ғасырбекұлы – топ мүшесі, экономика және бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі;
Қайырбаева Элеонора Жанұзаққызы – топ мүшесі, коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі бас маманы;
Мұхамедиярова Дина Ерсайынқызы – топ мүшесі, бюджеттің атқарылуы және талдауы жөніндегі бас маман;
Кошмагамбетова Гулжанат Маратовна – топ мүшесі, бюджеттік және қаржылық есеп беру бойынша бас маман.
Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімінің қызметтерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:
Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:
- 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының №414-V «Еңбек Кодексі»;
- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының №120-VI Кодексі;
- «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Кодексі;
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;
- «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы;
- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы;
- «Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI ҚРЗ Кодексі;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының №106-VIII Заңы;
- «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңы;
- «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Заңы;
- «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысы;
- «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысы;
- Жекешелендіру бойынша ауылдық округ әкімдерінің басқаруына берілген ауылдық коммуналдық мүліктерден тозығы жеткен, пайдалануға жарамсыз, қайта жөндеу экономикалық жағынан тиімсіз нысандар (автокөліктер, ғимараттар) сауда - саттыққа шығарылып келеді. Барлық сауда саттық аукцион тәсілімен «госреестр» веб-порталы арқылы электронды түрде жүзеге асырылады. «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысы;
- Осы Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидалары «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді, және «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы №85 бұйрығымен жүзеге асырылады;
- «Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі №1103 қаулысы;
- Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген және дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған, негізгі құрал-жабдықтарға (активтерге) жататын мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу тәртібі «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №721 бұйрығына сәйкес жүргізіледі;
- «Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №908 қаулысы;
- «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 қаулысы;
- «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №227 бұйрығы;
- «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік туралы мәліметтердің нысанын, оларды ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2019 жылғы 19 ақпандағы №1 бұйрығы;
- Мемлекеттік сатып алу мемлекеттік тұлғалардың бюджет қаржысы немесе өздерінің меншікті қаражаттары есебінен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді бәсекелестік ортадан сатып алуы болып табылады. Мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР-ның 2024 жылғы 1 шілдедегі Заңымен, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР-сы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы №687 бұйрығымен бекітілген қағидамен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеледі;
- «2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы №272 бұйрығы;
- «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №598 бұйрығы;
- «Бюджеттік мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы №275 бұйрығы;
- «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығы;
- «Бюджетті жоспарлау және атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау, ұсыну және жариялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 21 мамырдағы №244 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі №149 бұйрығы;
- «Бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 262 бұйрығы;
- «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 15 мамырдағы № 229 бұйрығы;
- «Мемлекеттік мүліктің тізілімін жасау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі №1115 Қаулысы;
- «Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы №165 бұйрығы;
- «Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 3 қыркүйектегі № 345 бұйрығы;
- «Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мәселелері туралы» Махамбет ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы №339 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 24 қаңтардағы №17 қаулысы.
Талдау анықтамасы бойынша нормативтік-құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмаған.
Дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.
Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерді және құқықтық актілерде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1042 бұйрығымен бекітілген «Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізіліміндегі» А блогы – басқарушы персоналда звено - А1, саты - 3, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру бойынша мекеменің басшысы лауазымдар атауында көрсетілмеген.
Ұсынымдар: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1042 бұйрығымен бекітілген «Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізіліміндегі» А блогы – басқарушы персоналда звено - А1, саты - 3, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру бойынша мекеменің басшысын лауазымдар атауына толықтыру ұсынылады.
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларының» 2-тараудың 4-тармағының 1-абзацында «көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің тізбесі бойынша ұсынылады» – делінген.
Ұсынымдар: Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру,әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің тізбесін қалыптастырған кезде сұранысқа ие бос орындарынан (вакансия) немесе бұрын (2010-2022 жылдары) жұмысқа орналасқан мамандарды қосуға/қоспауға болатындығы туралы нақты көрсету арқылы толықтыру ұсынылады, яғни тізбе бекітілмес бұрын қызмет жасап жатырған мамандар.
Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:
1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – бөлімнің жалпы штат саны 7 бірлікті құрайды, нақты штат саны – 6 бірлік, бос лауазымдық орын – 1 бірлік.
Бөлім басшысы тұрақты қызмет атқаруда.
Бөлім басшысының орынбасары: штат саны 1 бірлік, 2025 жылдың ақпан айынан бастап мансаптық көтерілумен сектор меңгерушісі лауазымынан бөлім басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Экономика және бюджеттік жоспарлау секторында 2 бірлік, сектор меңгерушісі 1 бірлік, бас маман лауазымынан 2025 жылдың наурыз айынан бастап мансаптық көтерілумен тағайындалды, бос лауазымдық орын бас маманның штат саны – 1 бірлік.
Бюджеттің атқарылуы және талдауы жөніндегі бас маман, штат саны 1 бірлік, тұрақты қызмет атқаруда.
Коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі бас маманы, штат саны 1 бірлік, тұрақты қызмет атқаруда.
Бюджеттік және қаржылық есеп беру бойынша бас маман, штат саны 1 бірлік, тұрақты қызмет атқаруда.
2) мүдделер қақтығысын реттеу – ағымдағы жылдың 1 маусым жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;
3) мемлекеттік қызмет көрсету - бөлім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді;
4) рұқсат беру функцияларын іске асыру – бөлімде рұқсат беру функциясы іске асырылмайды;
5) бақылау функцияларын іске асыру – бөлімде бақылау функциялары іске асырылмайды.
Талдау нәтижесі бойынша құқық бұзушылықтар анықталған жоқ;
6) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер – жоқ;
7) бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері – бөлімге қатысты тексерістер жүргізілген жоқ;
8) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар - қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;
9) бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері – бөлім қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;
10) прокурорлық қадағалау актілері – прокурорлық кадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;
11) сот актілері – бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.
Қорытынды:
Талдау барысында бөлімде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ҰСЫНЫМДАР:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1042 бұйрығымен бекітілген «Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізіліміндегі» А блогы – басқарушы персоналда звено - А1, саты - 3, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру бойынша мекеменің басшысын лауазымдар атауына толықтыру ұсынылады.
2) Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру,әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің тізбесін қалыптастырған кезде сұранысқа ие бос орындарынан (вакансия) немесе бұрын (2010-2022 жылдары) жұмысқа орналасқан мамандарды қосуға/қоспауға болатындығы туралы нақты көрсету арқылы толықтыру ұсынылады, яғни тізбе бекітілмес бұрын қызмет жасап жатырған мамандар.
Жұмыс тобы:
|
Танатарова Салтанат Рахметжанқызы бөлім басшысының орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі; |
__________________ |
|
|
|
|
Сапи Дәуірбек Ғасырбекұлы экономика және бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі, жұмыс тобының мүшесі; |
__________________ |
|
|
|
|
Қайырбаева Элеонора Жанұзаққызы коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі бас маманы, жұмыс тобының мүшесі; |
__________________ |
|
|
|
|
Мұхамедиярова Дина Ерсайынқызы бюджеттің атқарылуы және талдауы жөніндегі бас маман, жұмыс тобының мүшесі; |
__________________ |
|
|
|
|
Кошмагамбетова Гулжанат Маратовна бюджеттік және қаржылық есеп беру бойынша бас маманы, жұмыс тобының мүшесі. |
__________________ |