«Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2024 жылғы 1 маусым -2025 жылғы 31 мамыр аралығына талдамалық АНЫҚТАМА

  «Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2024 жылғы 1 маусым -2025 жылғы 31 мамыр аралығына талдамалық АНЫҚТАМА

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы міндетін атқарушының 2025 жылғы 23 маусымдағы №103 «Жұмысшы тобын құру туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары келесі жұмысшы тобымен жасақталды:

  • Саменова Назым Насипкалиевна - аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы, жұмыс тобының жетекшісі;
  • Ешекенова Кумис Тугеловна - аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маман- есепшісі;
  • Абуталина Айгуль Булатовна - аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы;

 

Негізгі талдау кезеңі: 2024 жылғы 1 маусым - 2025 жылғы 31 мамыр аралығы.

 

«Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

2024 жылғы 1 маусым - 2025 жылғы 31 мамыр аралығы.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
  2. Мүдделер қақтығысын реттеу                  3.  Мемлекеттік қызмет көрсету
  3. Мемлекеттік сатып алу
  4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру
  5. Мекемелерге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
  6. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы
  7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:               2024 жылғы 1 маусым - 2025 жылғы 31 мамыр аралығы.

Талдау кезеңі: 2024 жылғы 1 маусым - 2025 жылғы 31 мамыр аралығы.

«Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы. Абай  көшесі №13

 

 

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

         Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде штат саны бойынша 4 мемлекеттік қызметкер, 6 азаматтық қызметкер бар.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңінде мемлекеттік қызметкерлерге тәртіптік жазалар қолданылмады.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

Мекемеде мүдделер қақтығысы жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі 2 түрінен мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын.
  2. Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру

Қызмет көрсету мерзімі- 28 жұмыс күні.

2024 жылғы 1 маусым - 2025 жылғы 31 мамыр аралығында, оның ішінде 2024 жылғы 1 маусымнан 31 желтоқсанға дейін - 5 мемлекеттік қызмет,                    2025 жылғы 1 қаңтардан 31 маусымға дейін 101 мемлекеттік қызмет, көрсетілген аралыққа барлығы 106 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, сыбайлас жемқорлыққа тәуекелділік анықталмады.

  1. Мемлекеттік сатып алу

Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде барлық әкімшілік рәсімдердің ашықтығын жеңілдету және қамтамасыз ету бойынша жүйелі міндеттерді іске асырады. Есептіліктің барлық нысандары (статистика, бухгалтерлік баланс, түгендеу, салық есептілігі) тиісті платформаларда электрондық нысанда уақытылы ұсынылады.

Мемлекеттік сатып алу 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VІІІҚРЗ «Мемлекеттік сатып алу» Заңында белгіленген тәртіппен электрондық форматта ғана жүзеге асырылады. Процестің жариялығы мен қамтамасыз ету мақсатында әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беру үшін бөлімнің Мемлекеттік сатып алу жоспары Веб – порталда орналастырылады. Жылдық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар айына 2 рет енгізіледі.

Есепті кезеңде Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде барлығы 60 шарт жасалды:

Баға ұсыныстарға сұраным тәсілімен  40 сатып алу;

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тәсілімен 1 сатып алу;

Электронды дүкен тәсілімен 1 сатып алу;

Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен 12 сатып алу;

Негіздік келісімді қолдану арқылы байқаудың екінші негіздемелік келісімі тәсілімен 3 сатып алу;

Мерзімді баспа басылымдарын сатып алу (пп 11 39 баптың 3-тармағы халықаралық рейтингтік агенттіктердің қызметтерін, қаржылық қызметтерді сатып алу) тәсілімен 3 сатып алу (шарттары жасалды).

2024 жылғы 1 маусым - 2025 жылғы 31 мамыр аралығында көрсетілген Мемлекеттік сатып алуларда  сыбайлас жемқорлыққа тәуекелділік анықталмады.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

Көрсетілген мерзім ішінде, 2024 жылғы 1 маусым - 2025 жылғы 31 мамыр аралығында бөлімге  заңды және жеке тұлғалардан бірлесіп орындаушы ретінде 15 өтініш келіп түсіп, ҚР Заңына сәйкес жауаптары мерзімінде берілді.

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, мемлекеттік қызметші мәртебесіне байланысты шектеулер, Әдеп Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады. Бөлім қызметкерлеріне қатысты қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік істер жоқ.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

 

«Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты ауылдық мәдениет үйлері коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары және «Махамбет аудандық орталық кітапханасы» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі Махамбет аудандық орталық кітапханасы) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2024 жылғы 1 маусым - 2025 жылғы 31 мамыр аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
  2. Мүдделер қақтығысын реттеу                  3.  Мемлекеттік қызмет көрсету
  3. Мемлекеттік сатып алу
  4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру
  5. Мекемелерге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
  6. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы
  7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер
  8. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

         Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты ауылдық мәдениет үйлері коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары мекемелерінде және Махамбет аудандық орталық кітапханасында құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Аудан бойынша 12 мәдениет үйінде 12 басшы қызметін атқарып отыр. Мәдениет үйлерінде барлығы 190 қызметкер, оның 89-ы шығармашылық қызметкерлер. Аудандық орталық кітапханасында 1 басшы, әр ауылдық кітапханаларда 11 меңгеруші мен барлығы 48 қызметкерлер, оның                 25 шығармашылық қызметкерлер қызмет атқарады. 

Есепті кезеңде аудандық және ауылдық мәдениет үйлері басшыларына тәртіптік жаза қолданылмады. Аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінде 11 қызметкерге «Ескерту» негізінде тәртіптік жазалар қолданылған.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты ауылдық мәдениет үйлері коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары мекемелерінде және аудандық орталық кітапханада мүдделер қақтығысы болған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты ауылдық мәдениет үйлері коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарында, Махамбет аудандық орталық кітапханасында мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.

  1. Мемлекеттік сатып алу

Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйі мен Махамбет аудандық орталық кітапханасы мекемелерінде барлық әкімшілік рәсімдердің ашықтығын жеңілдету және қамтамасыз ету бойынша жүйелі міндеттерді іске асырады. Есептіліктің барлық нысандары (статистика, бухгалтерлік баланс, түгендеу, салық есептілігі) тиісті платформаларда электрондық нысанда уақытылы ұсынылады.

Мемлекеттік сатып алу 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VІІІҚРЗ «Мемлекеттік сатып алу» Заңында белгіленген тәртіппен электрондық форматта ғана жүзеге асырылады. Процестің жариялығы мен қамтамасыз ету мақсатында әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беру үшін мекеменің Мемлекеттік сатып алу жоспары Веб – порталда орналастырылады. Жылдық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар айына 2 рет енгізіледі.

Есепті кезеңде аудандық «Өнерпаз» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорында (мәдениет үйінде) барлығы 86 шарт жасалды:

Баға ұсыныстарға сұраным тәсілімен  61 сатып алу;

Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен 12 сатып алу;

Негіздік келісімді қолдану арқылы байқаудың екінші негіздемелік келісімі тәсілімен 1 сатып алу;

Бір көзден тікелей сатып алу тәсілімен 10 сатып алу;

Электронды дүкен арқылы 2 сатып алу (шарттары жасалды).

 

«Махамбет аудандық орталық кітапханасы» мемлекеттік мекемесінде   барлығы 40 шарт жасалды:

Баға ұсыныстарға сұраным тәсілімен  12 сатып алу;

Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен 21 сатып алу;

Негіздік келісімді қолдану арқылы байқаудың екінші негіздемелік келісімі тәсілімен 4 сатып алу;

Мерзімді баспа басылымдарын сатып алу (пп 11 39 баптың 3-тармағы халықаралық рейтингтік агенттіктердің қызметтерін, қаржылық қызметтерді сатып алу) тәсілімен 3 сатып алу (шарттары жасалды).

2024 жылғы 01 қаңтар - 31 мамыр аралығында көрсетілген Мемлекеттік сатып алуларда  сыбайлас жемқорлыққа тәуекелділік анықталмады.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты ауылдық мәдениет үйлері коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарында, Махамбет аудандық орталық кітапханасында рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Мекемге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

Көрсетілген мерзім ішінде, яғни 2024 жылғы 1 маусым - 2025 жылғы                    31 мамыр аралығында Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты ауылдық мәдениет үйлеріне (кітапханаға түспеген) заңды және жеке тұлғалардан барлығы 15 өтініш келіп түсіп, ҚР Заңына сәйкес жауаптары мерзімінде берілді. Неізгі өтініштер заңды тұлғалардан кітап алу және жеке тұлғадан төтенше жағдайға байланысты жазған өтініштері қателесіп түскен.

 

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты ауылдық мәдениет үйлері коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары мекемелерінде және Махамбет аудандық орталық кітапханасында Әдеп Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

 

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

 

І.Кіріспе

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізілді: «Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі №13, электронды пошта:madeniet_sport24@mail.ru телефон нөмірі 871(236)21052.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі:

басталды - 2025 жылғы 30 маусым,  аяқталды - 2024 жылғы 8 шілде

  1. Бақыланатын кезең: 2024 жылғы 1 маусым - 2025 жылғы 31 мамыр аралығы.

 

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

 

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

ІІІ. Қорытынды бөлімі

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:

        

  1. Мемлекеттік қызмет жұмыстарын қатаң заңдылыққа сай жүргізу;
  2. Бөлім қызметкерлерінің және бөлімге қарасты ауылдық мәдениет үйлері мен аудандық орталық кітапхана КМҚК қызметкерлерінің функционалды міндеттерін орындау кезінде тұрақты негізде Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез – құлық стандарттарын сақтау;
  3. «Мемлекеттік сатып алу» ҚР Заңдарының, Әкімшілік рәсімдік – процестік кодекстің («Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді тіркеу кезінде) нормаларының мүлткісіз сақталуын қамтамасыз ету;

 

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру

және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы                             Н.Саменова

 

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру

және спорт бөлімінің бас маман- есепшісі                                           К.Ешекенова

 

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру

және спорт бөлімінің бас маманы                                                      А.Абуталина

Дата публикации
18 июля 2025