Махамбет ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытынды хабары
2025 жылғы 13 шілдеде Махамбет ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасы, 44-бабы, 113-10-бабына сәйкес, Махамбет ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау нәтижесін белгіледі:
Дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 3, сайлаушылар тізіміне 620 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 356. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны – 13. «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны - 9.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
|
А.Е. Ермановқа |
177 |
|
А.С. Қабдоловаға |
87 |
|
Ж.Б. Төлеуғалиевке |
76 |
Ақжайық ауылдық округінің әкімі болып «AMANAT» партиясының Махамбет аудандық филиалы ұсынған кандидат Ерманов Актурлан Ертурлиевич, 1964 жылы туған, «Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі, Атырау облысы Махамбет ауданы Ақжайық ауылдық округі Ақжайық ауылының тұрғыны сайланды.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы