Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметіне жүргізілген
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
КІРІСПЕ БӨЛІМІ:
1)Аруев Нұрғали Латифұлы-аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы; 2)Бекбаева Гюльнар Крыкбаевна- аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
3)Қуаныш Ақерке Мағзомқызы- аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
Сипаттама бөлігі:
Е-өтінішке түскен өтініштердің орындалу мерзімінің асып кету қаупі туындау болған жоқ.
Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімінде мемлекеттік қызметкерлері арасында мүдделер қақтығысы анықталмады.
Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімінде мемлекеттік сатып алулар бойынша қиындықтар болған жоқ. Жауапты маман – бөлімнің есепшісін атқарылатын қызметтерде біліктілігін арттыру бойынша оқыту мүмкіндігін қарастыру қажет.
Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімі рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.
Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімінде қаржы игеруде немесе бөлуде қаупі туындау фактілері орын алған жоқ. Мемлекеттік сатып алулар бойынша қиындықтар мен мәселелер туындаудың алдын-алу мақсатында мемлекеттік сатып алулар бойынша жауапты тұлғаларды заңдылықтарға оқыту мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.
Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімінде келесідей ақпараттық жүйелер қолданылады: Интегро, Е-қызмет, Е-өтініш, Парус, ЦРМ, Мемлекеттік сатып алу порталы. Ақпараттық жүйелер қалыпты жағдайда жұмыс жасауда.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы,
жұмыс тобының төрағасы Н.Аруев
Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы,
жұмыс тобының мүшесі Г.Бекбаева