Жалғансай ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиынының
№2 хаттамасы
17.06.2025 жыл Жалғансай ауылы
Жергілікті қоғамдастық жиынға қатысуға тиісті қоғамдастық мүшелерінің 9 мүшесі және 36 ауыл тұрғындары қатысты.
Отаров Жалғас Рысқалиұлы
Құлмағанбетов Махамбет Сисенбіұлы
Құбашев Самиғолла Ғинаятұлы
Жұмашев Қайрат Жайлыбайевич
Жұмағалиев Марлен Сейілханұлы
Қазбенов Ғани Базарұлы
Жұмағазиева Балторғын Дәулетқызы
Садиқов Кенжебай Жылқыбайұлы
Майбасова Әлия Абуқызы
Жиынды ауылдық округі әкімі А.Қайырғалиев ашып, ауыл тұрғындарына бүгінгі жиынды жүргізу үшін жиынның төрағасы мен хатшысын сайлауды ұсынды.
Көпшілік дауысы негізінде жиынның төрағасы Ж.Отаров, хатшысы С.Құбашев болып сайланды.
Жиын төрағасы Ж.Отаров күн тәртібімен таныстырып, жиынды жүргізіп отырды.
Күн тәртібінде:
Тыңдалды:
- 2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы 80 жылдығына орай, Кенес Одағы батырлары мен бір немесе одан да көп ордендері бар Ұлы Отан соғысындағы ардагерлерді ұлықтау мақсатында көшелерге есімдерін беру үшін ұсыныс болған екен. Аудандық ардагерлер кеңесінен ардагерлер ұрпақтарының өтініші бойынша 21 ақпан 2025 жылы №06-09-04-01/30 санды хаты түскен. Жалғансай ауылында тұрған, ҰОС ардагері болған марқұм Досқалиев Қайролланың ұрпақтары бүкіл құжаттарын жинақтап, өтініш білдірген. Жалғансай ауылында 1 ғана атауы жоқ көше бар екен. Соған Досқалиев Қайролланың есімін беруге деген ұсыныс бар. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің 2013 жылғы 1 тамыздағы №211 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау,сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сүйене отырып, көшеге атау беру үшін жергілікті халықтың пікірін тыңдау қажет екен. Енді осы мәселені талқылауға кірісейік.
Сөйлеушілер:
Құлмағанбетов Махамбет Сисенбіұлы - жергілікті қоғамдастық мүшесі, ауыл тұрғыны.
Майбасова Алия - жергілікті қоғамдастық мүшесі, ауыл тұрғыны.
Жумашев Кайрат - жергілікті қоғамдастық мүшесі, ауыл тұрғыны.
Жұмағалиев Марлен - жергілікті қоғамдастық мүшесі, ауыл тұрғыны.
Жұмағазиева Балторғын- жергілікті қоғамдастық мүшесі, ауыл тұрғыны.
Садиқов Кенжебай- жергілікті қоғамдастық мүшесі, зейнеткер.
Есенғалиев Амангелді – ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауыл тұрғыны, зейнеткер.
-Мен ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде бұл ұсыныстың дұрыстығын растаймын.Ардагердің еңбегі мен ерлігі – елге үлгі. Қолдаймын.
Меңдіғалиев Қуаныш - ауыл тұрғыны.
-Қайролла ата өмір бойы осы ауылда тұрды, балалары мен немерелерін тәрбиеледі. Ауылдың тыныс-тіршілігіне араласты. Соғыс ардагерлері арасынан өмір сүрген санаулы адамдардың бірі болды. Бұл адамға ауылдың үлкені де, кішісі де үлкен құрмет көрсететін. Ұсынысты қолдаймын.
Сабиров Ізбасар – ауыл тұрғыны, зейнеткер.
-Досқалиев Қайролланың отбасы тәртіпті, үлгілі отбасы болды. Ұрпақтары да бүгінде әр салада елге қызмет етіп жүр. Ол адамның аты көше атауына лайықты. Ауыл жастары осындай ерлерді білуі, үлгі алуы керек.
Ермұханова Гүлшат – ауыл тұрғыны, зейнеткер.
-Досқалиев Қайролла атамыз – тексоғыс ардагері ғана емес, соғыстан кейінгі ауыл өмірінің тірегі болған адам. Қарапайым, бірақ қадірлі адам болған. Қазіргі таңда жастар ондай адамдарды тек кітаптан емес, осындай көше атауларынан көріп, қызығушылықпен сұрап, танысуы керек. Сол себепті толық қолдаймын.
Тұрғындар бірауыздан ұсынысты қолдап, Жалғансай ауылдық округіндегі атауы жоқ көшеге Досқалиев Қайролланың атын беру туралы ұсыныс бірауыздан қолданды.
Жиын қаулы етеді:
Жиын төрағасы: Ж.Отаров
Жиын хатшысы: С.Құбашев