Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
кандидаттарды тіркеу туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабы 9-тармағына сәйкес, Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Махамбет ауданы Ақжайық ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркегендігі туралы хабарлайды:
Ерманов Актурлан Ертурлиевич 1964 жылы туған, әкім, «Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, Махамбет ауданы Ақжайық ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынылған.
Қабдолова Ажар Серікқалиқызы 1974 жылы туған, бөлім басшысы, «Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Махамбет ауданы, Махамбет ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Төлеуғалиев Жігербек Берікқалиұлы 1992 жылы туған, бөлім басшысы, «Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы» мемлекеттік мекемесі, Махамбет ауданы, Махамбет ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы