ЕСМАХАН ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ СУ ҚҰБЫРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен кеңестің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №21-01-7.8 хаттамасының 3.3.5-тармағы «Таяу арадағы екі жыл ішінде өңірдің барлық ауылдық елді мекендерін сапалы ауыз сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету» тапсырмасы шеңберінде, 2024 жылы Махамбет ауданындағы 4 елді мекенге жалпы ұзындығы 65 шақырым су құбырын жүргізу құрылысы жүргізілген болатын.
Соның бірі – Махамбет ауданы, Бақсай ауылына қарасты Есмахан елді мекені. Бұл елді мекенде су желісі құрылысы толық аяқталып, тұрғындарға таза су берілді. Құрылысты «Универсалстройсервис» ЖШС атқарды. Жобаның жалпы құны – 295 607,1 мың теңге. Жоба аясында су айдау мұнарасы орнатылып, қоршаулар салынды, ішкі абаттандыру жұмыстары жүргізілді, жарық шамдары орнатылып, ішкі ауыл желісі тартылды. Құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.
Тұрғындарға бұл ақжолтай жаңалықты аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев, аудан әкімінің орынбасары Асхат Аймұратов, аудандық мәслихат төрағасы Қайыржан Мәжиев және бір топ ауыл ақсақалдары жеткізіп, көп жыл бойы асыға күткен су желісінің іске қосылғанын қуана хабарлады.