КӨЗДІҚАРА ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен кеңестің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №21-01-7.8 хаттамасының 3.3.5-тармағы «Таяу арадағы екі жыл ішінде өңірдің барлық ауылдық елді мекендерін сапалы ауыз сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету» тапсырмасы шеңберінде,
Махамбет ауданы, Бақсай ауылдық округі Көздіқара елді мекеніне су желісі құрылысы жүргізілді.
Мердігер мекеме – «Сұңқар Құрылыс LTD» ЖШС.
Жобаның жалпы құны – 382 997,8 мың теңге.
Жоба аясында:

су айдау башнясы орнатылды,

қоршаулар салынды,

ішкі абаттандыру жұмыстары жүргізілді,

жарық шамдары орнатылды,

ішкі ауыл линиясы тартылды.
Құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.
Бұл – елді мекен тұрғындарының көптен күткен қуанышы. Мемлекеттік бағдарламалар аясында халықты сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.