"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысы.
"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкімі 4-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының
|
Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
|
|
Қазақстан Республикасы |
"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.05.2021 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Конкурс осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімдерде жарияланады және "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына сәйкес Отбасы күніне орай қорытындыланады.
Конкурсты өткізудің мақсаттары:
1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу, және кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
2-тарау. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 866 қаулысымен.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 866 қаулысымен.
Комиссия туралы ереже тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімнің өкімімен бекітіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.11.2022 № 904 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);
7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) (бар болса) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері.
Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін отбасылар ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық (қалалық) комиссияның төрағасы куәландырады.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда аудандық (қалалық) комиссия өтінім берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасына қайтарады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасы ұсынылған құжаттар қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде пысықталған өтінімді қайта береді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.11.2022 № 904 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) барлық отбасыларға тең жағдайды және оларды іріктеудің ашықтығын;
2) жеке құпия болып табылатын ақпараттың жасырын болуын;
3) конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің олар ресми жарияланатын күннен бұрын таралып кетпеуін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.11.2022 № 904 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.11.2022 № 904 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
15-1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялар бір жеңімпаз отбасын айқындау жөнінде шешім қабылданған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде конкурс жеңімпаздарын және конкурс жеңімпазы деп танылмаған қатысушыларды конкурс қорытындылары туралы конкурстық комиссияның хаттамасынан үзінді ұсына отырып, хатпен хабардар етеді.
Ескерту. 2-тарау 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 16.11.2022 № 904 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы (отбасы тарихы визит карточкасы - таныстыру рәсімі);
2) отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер;
3) отбасының рухани-адамгершілік кұндылықтары;
4) балаларының және немерелерінің жетістіктері (бар болса);
5) ата-аналарының үлгі тұтарлық жетістіктері;
6) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны – бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтың өкілдері);
7) отбасының дарындары;
8) отбасының тұрмыс салты (саламатты өмір салты, бос уақыты);
9) қоғамдық-пайдалы қызметке (волонтерлікке, қайырымдылыққа, меценаттыққа) қатысуы;
10) жетім балаларға қамқоршылық, тәлімгерлік.
Өлшемшарттардың бірі бойынша ақпарат болмаған жағдайда, аталған өлшемшарт бағаланбайды.
Балдардың жалпы саны тең болған жағдайда, түпкілікті шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
|
|
"Мерейлі отбасы" |
"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсына қатысуға арналған өтінім
|
Р\с № |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Туыстық дәрежесі |
Туған күні (күні, айы, жылы) |
Жұмыс, оқу орны, қызмет түрі, лауазымы |
Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қолы __________
Күні __________
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК