ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК ЖАЛҒАНСАЙ, САРАЙШЫҚ, БЕЙБАРЫС АУЫЛДАРЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

 
ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК ЖАЛҒАНСАЙ, САРАЙШЫҚ, БЕЙБАРЫС АУЫЛДАРЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
 
Махамбет ауданында 24 сәуірде Ақтоғай, Сарытоғай, Таңдай ауылы тұрғындарына тегін құқықтық кеңес беру шарасы өткізілсе, 25 сәуір күні арнайы заңгер мамандар Жалғансай, Сарайшық және Бейбарыс ауылдарының тұрғындарына құқықтық көмек көрсетті.
24-25 сәуірге жоспарланған “Тегін заң көмегі күндері” акциясы шеңберінде Аудан әкімдігімен облыстық Әділет департаментінің бірлесіп ұйымдастырған шарасына Махамбет ауданы әкімдігі аппаратының басшысы Алшынбек Мұқанғалиев жетекшілік етті.
Ауыл тұрғындарына облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары Гүланда Қыстаубаева бастаған адвокат, нотариус және жеке сот орындаушылардан құралған арнайы заңгер мамандар тобы құқықтық кеңестерін берді.
Дата публикации
28 апреля 2025