ӨРТКЕ ҚАРСЫ ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ӨРТКЕ ҚАРСЫ ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
 
Махамбет аудандық «Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» 2025 жылғы 24 сәуірде орман өртінің алдын алу және сөндіру бойынша оқу-жаттығу шарасын өткізді.
Шара «Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман өртінің алдын алу және сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес өтті. Жаттығуға аудан әкімдігі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, өрт сөндіру бөлімі, Қазақтелеком мекемесінің қызметкерлері аудандық аурухана мамандары қатысты.
Іс-шара барысында төтенше жағдайда жедел әрекет ету, мекемелер арасындағы өзара үйлесімділік және қауіпсіздік дағдылары пысықталды.
Дата публикации
28 апреля 2025