Басты назарда – жанұя амандығы
Аудан әкімінің орынбасары Асхат Аймуратовтың төрағалығымен ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, жауапты мамандар, сондай-ақ аудандық полиция бөлімі, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері қатысқан кеңейтілген жиын өтті.
Жиынның негізгі мақсаты – Аудандық отбасын қолдау орталығының жұмысы мен мобильді топтың міндеттерін жан-жақты түсіндіру болды.
Кездесу барысында орталық директорының міндетін уақытша атқарушы Алмас Хамидуллин орталықтың атқарған жұмыстары туралы баяндама жасап, мобильді топтың қоғамдағы маңызына тоқталды.
Мобильді топ мүшелеріне тұрғындардың әлеуметтік жағдайын үнемі бақылауда ұстап, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға дер кезінде көмек көрсету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жан-жақты қолдау көрсету тапсырылды.
Қызметтің жүйелі әрі тиімді орындалуы үшін барлық сала өкілдеріне орталықпен тығыз байланыста жұмыс істеу міндеттелді.