Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен 2024 жылға мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат

Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен 2024 жылға мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат

 

Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 13 мемлекеттік қызмет түрі бойынша қызмет көрсетеді. 2024 жылы 2136 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: мемлекеттік корпорация арқылы 201 қызмет,  ақпараттық жүйе арқылы-1328 қызмет,  «Электрондық үкімет» порталы арқылы 607 қызмет көрсетіліп, цифрлық қызметтердің үлесі 93 пайызды құрады.

      Бөлімнің  ғимаратында мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің қағидалары бойынша стендт, қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшік орналастырылып, «Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрыштары» қызмет көрсетуде.

         2024 жылдың қорытындысы бойынша мерзімінен кешіктірілген  мемлекеттік қызмет болған жоқ,  шағымдар мен пікірлер түскен жоқ.

     Электронды түрде көрсетілетін қызметтердің санын арттыру және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету, халықтың мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы хабардарлығын одан әрі жоғарылату, құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу басты назарда қала бермек.

 

Дата публикации
17 марта 2025