2024 жылдың 2-ші жартыжылдығында ауылдық округтердегі тұрғындар
жиындарының қорытындысымен жасақталған
ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ
|
№ |
Сұрақ қоюшы |
Мәселенің мазмұны |
Жауапты орындаушылар |
Орындалу мерзімі |
Мәселелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар |
|
Ақтоғай ауылдық округі |
|||||
|
1 |
Есім Айдана – Ақтоғай ауылының тұрғыны. |
«Атырау-Махамбет -Ақтоғай» бағытына жолаушылар тасымалдау үшін қоғамдық көлік шығаруды сұрайды. |
Ақтоғай ауылдық округінің әкімі, Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. |
2024 жыл желтоқсан |
«Атырау – Махамбет - Ақтоғай» бағытына жолаушылар тасымалына қоғамдық автокөлік шығару үшін Атырау облыстық Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасына 2025 жылдың қаңтар айында хат жолданды. Казіргі уақытта аталған басқармамен баға нақтылау жұмыстары жүргізілуде. |
|
Алға ауылдық округі |
|||||
|
2 |
Ахметов Сағидолла – Алға ауылының тұрғыны, зейнеткер, мүгедектер қоғамының төрағасы. |
2024 жылы Алға ауылынан салынған судан қорғау бөгеттерге нығайту жұмыстарын жүргізуді сұрайды. |
Алға ауылдық округінің әкімі. |
2025 жыл |
2024 жылы 2,6 шақырым Алға ауылында салынған судан қорғау бөгеттерге нығайту жұмыстарын «Нұрхан» ЖШС-і жүргізіп, 2024 жылдың желтоқсан айында аяқтады. |
|
3 |
Алға ауылынан «Атырау-Алға» бағыты бойынша жолаушылар тасымалдайтын №56 автобусына аялдама салуды сұрайды. |
Алға ауылдық округінің әкімі, Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. |
2025 жыл |
Алға ауылындағы «Атырау -Алға» бағыты бойынша жолаушылар тасымалдайтын №56 автобусына 2 аялдама салу үшін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне 3000,0 теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. |
|
|
Ақжайық ауылдық округі |
|||||
|
4 |
Жылқышиев Төлеген – Ақжайық ауылының тұрғыны. |
Ақжайық ауылындағы су тазарту қондырғысына жүргізіліп жатырған жөндеу жұмыстарын бақылауға алып, сапалы әрі уақытылы аяқтауды сұрайды.
|
Ақжайық ауылдық округінің әкімі, Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі. |
2024 жыл |
Ақжайық ауылындағы су тазарту қондырғысының жөндеу жұмыстарынның негізгі бөлігі аяқталды. Қазіргі уақытта су тазарту қондырғысы іске қосылып, тұрғындарға тәулік бойы ауыз су беріліп тұр. |
|
Есбол ауылдық округі |
|||||
|
5 |
Ізғалиев Әділбек – Ортақшыл ауылының тұрғыны, зейнеткер. |
Ортақшыл ауылына кірме жолының күрделі жөндеу жұмыстарын жыл аяғына дейін аяқтауды сұрайды. |
Есбол ауылдық округінің әкімі, Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. |
2024 жыл желтоқсан |
2025 жылғы 29 қарашадағы № 123 келісім шарт негізінде «World Construction Project Group» ЖШС-і 123 884 143,00 теңгеге Ортақшыл ауылының кірме жолындағы су өткізгіш құбырдың жөндеу жұмыстарын жасап, аяқтады. |
|
6 |
Сейтқазиев Тұрлан – Есбол ауылының тұрғыны. |
Бес ауылға салынып жатырған ашық ойын алаңының құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беруді сұрайды. |
Есбол ауылдық округінің әкімі, Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі. |
2024 жыл желтоқсан |
Ақтоғай, Таңдай, Талдыкөл, Есбол, Жалғансай ауылдарына жасанды төсеніші бар ашық спорт алаңдарының құрылысы бойынша жергілікті бюджеттен бөлінген 6845,0 мың теңге қаржы игерілді. Қазіргі уақытта Ақтоғай және Есбол ауылдарына жарық шамдарын орнату жұмыстары қалды. |
|
7 |
Есбол ауылының кірме жолында орналасқан ойын алаңының және мектеп, балабақша алдарына жол кедергісін орнатуды сұрайды. |
Есбол ауылдық округінің әкімі, Аудандық полиция бөлімі, Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. |
2024-2025 жыл |
Есбол ауылының кірме жолында орналасқан ойын алаңының және мектеп, балабақша алдарына жол кедергісін орнату жұмыстары бойынша 2025 жылға мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы алынып, орнатылатын болады. |
|
|
Сарайшық ауылдық округі |
|||||
|
8 |
Құрмашев Нығмет – Сарайшық ауылының тұрғыны, зейнеткер. |
Сарайшық ауылындағы мекеме басшыларының қоғамдастық жиындарында тоқсан сайын атқарылып жатырған жұмыстары бойынша есеп беру жиындарын ұйымдастыруды сұрайды. |
Сарайшық ауылдық округінің әкімі. |
Үнемі |
Сарайшық ауылындағы мекеме басшыларының қоғамдастық жиындарында тоқсан сайын атқарылып жатырған жұмыстары бойынша есеп беру жиындарын ұйымдастыру 2025 жылдың жоспардағы қоғамдастық жиынында талқыланады. |
|
9 |
Сисенғалиев Хадим – Сарайшық ауылының тұрғыны, зейнеткер. |
Сарайшық ауылына қар күрейтін және қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін трактор техникасын тіркемесімен бөлуді сұрайды. |
Сарайшық ауылдық округінің әкімі, Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. |
2024-2025 жыл |
Сарайшық ауылдық округінің теңгеріміне 2025 жылдың ақпан айында Беларус 82 (МТЗ-82) маркалы тракторы тіркемесімен берілді. |
|
10 |
Жұмағалиев Мәди – Сарайшық ауылының тұрғыны. |
Сарайшық ауылының С.Сейфуллин көшесіне автокөлік жолын салуды сұрайды. |
Сарайшық ауылдық округінің әкімі, Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
|
2024-2025 жыл |
Сарайшық ауылының С.Сейфуллин көшесіне автокөлік жолын салу жұмыстары 2025 жылы жүргізілетін болады. |
|
11 |
Аменов Мейрман – Сарайшық ауылының тұрғыны, аудандық мәслихат депутаты. |
Сарайшық ауылындағы бейттің жерін ұзартуды сұрайды. |
Сарайшық ауылдық округінің әкімі, Аудандық жер қатынастары бөлімі. |
2024-2025 жыл |
Сарайшық ауылындағы бейттің батыс жақ бетін кеңейту мақсатында сол жердің меншік иесі азаматша Г.Медетоваға шаруа қожалығын жүргізу үшін алған жер учаскесінің кескінін өзгерту туралы ұсыныс берілді. Аталған азаматша, ұсынысты қабыл алып 4,0 гектар жерін зиратты кеңейту үшін босатып берді. |
|
12 |
Сарайшық ауылындағы балалар ойын алаңын күтіп ұстау мақсатында күзетші бөлуді сұрайды. |
Сарайшық ауылдық округінің әкімі. |
Үнемі |
Сарайшық ауылындағы орналасқан Жеңіс саябағына және оның жанында орналасқан гүлзарды, жазғы мәдени саябағын, балалар ойын алаңын күтіп ұстау қызметі порталға салынды, жеңімпаз мердігер мекеме күтіп баптау жұмыстарымен айналысады. |
|
|
13 |
Сүйеуғалиев Бердіғұл – Сарайшық ауылының тұрғыны. |
Сарайшық ауылындағы су тазарту қондырғысына субсидия бөлуді сұрайды. |
Сарайшық ауылдық округінің әкімі, Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. |
2025 жыл |
Сарайшық ауылында су тазарту қондырғысына 2024 жылы субсидия бөлінді. |
|
Бейбарыс ауылдық округі |
|||||
|
14 |
Супыгалиев Адэль – Бейбарыс ауылының тұрғыны. |
А.Байтұрсынұлы атындағы Бейбарыс орта мектебінің спорт залын ауыл жастары ойнау үшін аптасына екі рет бөлуді сұрайды. |
Бейбарыс ауылдық округінің әкімі, Махамбет аудандық білім бөлімі |
Үнемі |
2024 жылдың 20 қарашасында мектеп спорт залында волейболдан ерлер командасына сейсенбі және сәрсенбі күндері 20:30-22:30 аралығында ойнауға рұқсат беру туралы келісім шарт жасалып, 16 желтоқсанға дейін 1 ай мектеп спорт залы ауыл жастарына пайдалану үшін берілді. |
|
15 |
Темірғалиев Жаңабай – Бейбарыс ауылының тұрғыны. |
Бейбарыс ауылындағы газ құбырларын жер астымен жүргізуді сұрайды. |
Бейбарыс ауылдық округінің әкімі, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның АӨФ Махамбет аудандық газ учаскесі |
2024-2025 жыл |
Бейбарыс ауылындағы газ құбырларын жер астымен жүргізу мүмкіндігі қаралып, аудандық «КазТрансГазАймақ» АҚ АӨФ Махамбет аудандық газ учаскесімен келісіліп, ағымдағы жылы сметалық құжаттама жасақтау жоспарлануда. |
|
16 |
Исламұлы Сүндет – Бейбарыс ауылының тұрғыны. |
Бейбарыс ауылының ауылішілік жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрайды. |
Бейбарыс ауылдық округінің әкімі, Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. |
2025-2026 жыл |
Бейбарыс ауылының ауылішілік жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2025 жылы жобалық - сметалық құжаттама жасақталуда. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылы басталады деп жоспарлануда. |
|
Бақсай ауылдық округі |
|||||
|
17 |
Қалмағамбетов Алданбай – Таңдай ауылының тұрғыны. |
Есмахан елді мекеніне баратын көпірді жөндеуді сұрайды. |
Бақсай ауылдық округінің әкімі, Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. |
2025 жыл |
2024 жылы «Тумар Петрол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты «Азимут Энерджи Сервисез» АҚ Бақсай ауылдық округі аймағын барлау жұмыстарын жүргізген кезде барлық техникалары осы Есмахан елді мекеніне қатынайтын көпірдің үстінен жүріп, жармсыз күйге келтіргендіктен, көпірді демеушілік арқылы жөндеп беретін болып келісті. |
|
Жалғансай ауылдық округі |
|||||
|
18 |
Жұмағазиева Балторғын – Жалғансай ауылының тұрғыны. |
Жаңа заманауи үлгідегі ойыншықтармен жабдықталған балалар ойын алаңын салуды сұрайды.
|
Жалғансай ауылдық округінің әкімі.
|
2025 жыл |
Заманауи үлгіде ойыншықтармен жасақталған балалар ойын алаңын салу үшін бюджеттік өтінім дайындалуда.
|
|
Махамбет ауылдық округі |
|||||
|
19 |
Байтанатов Жұмабек – Махамбет ауылының тұрғыны, зейнеткер. |
Махамбет ауылы, «Шұғыла» мөлтек ауданының ішкі жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрайды. |
Махамбет ауылдық округінің әкімі, Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. |
2025-2026 жыл |
«Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылындағы ауылішілік автомобиль жолдары мен тротуарларды күрделі жөндеу» жұмысынын жобалық сметалық құжаттамасы жасақталды. ЖШС «Игілік Стройпроект» арқылы жұмыстары жүргізілетін болады. |
|
20 |
Махамбет ауылы, «Шұғыла» мөлтек ауданындағы балалар ойын алаңын жөндеуді сұрайды. |
Махамбет ауылдық округінің әкімі. |
2025 жыл |
Ағымдағы жылға «Шұғыла» мөлтек ауданындағы балалар ойын алаңын жөндеуге қаржы қаралды. ЖСҚ жасақталғаннан кейін тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. |
|
|
Еңбекшіл ауылы |
|||||
|
21 |
Сатбергенов Айбек – Еңбекшіл ауылының тұрғыны |
Еңбекшіл ауылындағы бұралқы иттерді жоюды сұрайды. |
Есбол ауылдық округінің әкімі, Аудандық ветстанса КМК. |
Үнемі |
2024 жылы аудан бойынша 655 бас ит ауланса, оның ішінде Есбол ауылдық округіне қарасты елді мекендерде 44 бас иесіз бос жүрген қаңғыбас бұралқы иттер ауланды. |