2024 жылдың 1-ші жартыжылдығында ауылдық округтердегі тұрғындар жиындарының қорытындысымен жасақталған ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ

 

2024 жылдың 1-ші жартыжылдығында ауылдық округтердегі тұрғындар

жиындарының қорытындысымен жасақталған

ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ

№

Сұрақ қоюшы

Мәселенің

мазмұны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Мәселелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Ақтоғай ауылдық округі

1

Сисекенов Тұрлан – Ө.Атамбаев елді мекенінің тұрғыны.

Ө.Атамбаев елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз етуді сұрайды.

Ақтоғай ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі.

2025 жыл

Атамбаев елді мекеніне су желісінің құрылысын жүргізу үшін 2024 жылы мемлекеттік сатып алу тәсілімен конкурс жарияланып, жеңімпаз «УНИВЕРСАЛСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-мен құрылыс жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталып, Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне қабылдау құжаттары рәсімделіп жатыр.

Ақжайық ауылдық округі

2

Нұрғалиев Жылқышы – Ақжайық ауылының тұрғыны.

Ақжайық ауылындағы арнайы соғылған судан қорғау бөгеттерінен төрт түлік мал өту үшін жол ашу жұмыстарына арнайы техника бөлуді сұрайды. 

Ақжайық ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

2024 жыл, шілде айы

Ақжайық ауылындағы жалпы ұзындығы 4500 метр болатын тасқын суға қарсы дамбаның 3 жерінен төрт түлік мал өту үшін арнайы техника бөлініп, жол ашылды. Қазіргі уақытта ауылдың малдары сол жол арқылы өріске шығып жүр.

Жалғансай ауылдық округі

3

Жұмағалиев Марлен – Жалғансай ауылының тұрғыны.

Жалғансай ауылының ауылішілік көшелеріне басталған жол құрылыс жұмыстарын қайта жандандыруды сұрайды.

Жалғансай ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

2025 жыл

Құрылыс жұмыстарының мердігері «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС-мен 2025 жылға қосымша келісім шарт жасақталды. Құрылыс жұмыстары 2025 жыл соңына дейін ақталады деп жоспарлануда.

4

Жалғансай ауылының жаңа мөлтек ауданын телефон және интернет байланыс жүйесімен қамтамасыз етуді сұрайды. 

Жалғансай ауылдық округі әкімі,

«Қазақтелеком» АҚ Махамбет телекоммуникация торабы.

 

2025 жыл

Махамбет аудандық Желілік-техникалық участігі интернетпен қамтамасыз ету барысында радиомост жүйесімен интернет орнату жөнінде шешім қабылданған болатын. Радиомост құрылысын орнату арнайы биіктікті қажет ететін болғандықтан облыстық «Қазақтелеком» АҚ «желі дивизионы» бірлестігі Атырау қатынау желісінің пайдалану департаменті мердігер анықтап, Жалғансай ауылына АМС вышка орнату жұмысы басталды. Мердігер 2025 жылдың 1 тоқсанында орнатып беретінін мәлімдеді. Радиомост құрылғысын Орал қаласынан арнайы алынды. Мердігер мекеме жұмысын толықтай бітіргеннен кейін интернет жүйесімен қамтамасыз етілетін болады.  

5

Судан қорғау бөгеттері соғылған жер иелеріне жер беру немесе судан қорғау бөгеттерінің орындарын ауыстыру мәселесін шешуді сұрайды.

Жалғансай ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі.

2025 жыл

Өр суынан қорғану мақсатында салынған бөгет құрылысының астына түскен жер учаскелерінің меншік иелеріне басқа тең жер беру немесе нарықтық құнын анықтап өтем ақы төлеу мақсатында Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы 2024 жылдың 9 қазандағы Махамбет ауданы әкімінің №271 қаулысы қабылданып, барлық меншік иелеріне хабарлама жолданды. Күні бүгінде, Жалғансай ауылдық округі бйынша 4 жер учаскесіне меншік иелерінің өтем ақысын өтеп беру туралы өтініштеріне сәйкес нарықтық құнын анықтау үшін бағалау жұмыстары жасалуда.

6

Амирова Злиха – Жалғансай ауылының тұрғыны.

Уақытша орнатылған электр трансформатордың қуаты бірнеше үйге жетпеуіне байланысты трансформатордың электр қуатын көтеруді сұрайды.

Жалғансай ауылдық округі әкімі,

«Атырау Жарық» АҚ Махамбет аудандық электр жүйесі.

2024 жыл

Жалғансай ауылдық округі әкімі мен «Атырау жарық» АҚ тарапынан КТПН-7/41 трансформаторының қуатын көтеріп, электр желісі нормалық жағдайға көтерілді. Қазіргі уақытта жаңа мөлтек аудандағы бірнеше үйге электр жарығы жеткілікті берілуде.

Бейбарыс ауылы

7

Көшалиев Жасұлан – Бейбарыс ауылының тұрғыны.

Бейбарыс ауылының Б.Хисмеденова көшесіне электр жүйесі мен трансформатор орнатуды сұрайды.

Бейбарыс ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

2024 жыл

2024 жылы мемлекеттік сатып алу порталынан «Ponerservice.kz» 597123 тенгеге жеңімпаз болып танылып Бейбарыс ауылы, Б.Хисмеденова көшесіне тұрғындардың электр жүйесіне жаңа трансформатор алынып орнатылды.

Бақсай ауылдық округі

8

Қалмағамбетов Алданбай – Таңдай ауылының тұрғыны, зейнеткер.

Таңдай ауылындағы су тарату қондырғысын іске қосып, таза ауыз сумен қамтамасыз етуді сұрайды.

Бақсай ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі,

«Махамбет-Су» ШЖҚ КМК басшысы.

2024 жыл,

1 қыркүйек

Таңдай ауылындағы таза су тарату қондырғысына күрделі жөндеу жұмыстарын «Сұңқар Құрылыс» ЖШС жасап, толығымен аяқтап пайдалануға 2024 жылдың қыркүйек айында берді. Қазіргі уақытта  ауыл тұрғындарына таза ауыз су үздіксіз 24 сағат бойы берілуде.

Жалғансай ауылы

9

Отаров Жалғас – Жалғансай ауылының тұрғыны, зейнеткер.

Жалғансай ауылындағы боздақтар ескерткішіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрайды.

Жалғансай ауылдық округі әкімі.

2025 жыл

Ескерткішті жөндеуге былтырғы жылы мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жеңімпаз болып саналған ЖК «Имран» өз жұмысын сәйкесінше атқармауына байланысты сот шешімімен жозықсыз деп танылған болатын. Биылғы жылы қажетті қаржы бөлінгеннен кейін жеңімпаз анықталып, жұмыстар жүргізілетін болады.

Алға ауылдық округі

10

Кушенов Таймус – Алға ауылының тұрғыны, зейнеткер.

«Атырау-Индер» тас жолын жөндеп, Атырау қаласына қатынайтын автобус автокөлігін шығаруды сұрайды.

Алға ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

2024 жыл,

тамыз

«Атырау  -Индер»  тас жолы  уақытша  айналма  жолдар  салу  арқылы  жөнделіп, Атырау  қаласына  қатынайтын  №56  автобус  2024  жылдың  8 шілдесінен  бастап   жолаушылар  тасымалдауда.

Ақтоғай ауылдық округі, Ө.Атамбаев елді мекені

11

Сұлташев Серік – Ө.Атамбаев елді мекенінің тұрғыны.

Ө.Атамбаев елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз етуді сұрайды.

Ақтоғай ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі.

2025 жыл

Ө.Атамбаев елді мекеніне су желісінің құрылысын жүргізу үшін 2024 жылы мемлекеттік сатып алу тәсілімен конкурс жарияланып, жеңімпаз «УНИВЕРСАЛСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-мен құрылыс жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталып, Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне қабылдау құжаттары рәсімделіп жатыр.

Махамбет ауылдық округі

12

Оңдасов Бисенғали – Махамбет ауылының тұрғыны, зейнеткер

Махамбет ауылының А.Оңайбаев және А.Тұржанов көшелерін қосатын автокөлік жолын салуды сұрайды.

Махамбет ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

2024 жыл

Махамбет ауылының А.Оңайбаев және А.Тұржанов көшелерін қосатын ұзындығы 201 метр жолының құрылыс жұмыстары 2024 жылы мердігер «Толағай-2050» ЖШС-і арқылы жүргізілді.

 

Дата публикации
14 марта 2025