2025 жылғы 30 наурызға тағайындалған
№1 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалған Махамбет аудандық мәслихаты депутатының орнына сайлау жөніндегі
округтік сайлау комиссиясының
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес Махамбет аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша тіркелді:
- Мақсотов Мерейбек Берікқалиұлы, 1994 жылы туған, «Қазақтелеком» АҚ-ның Махамбет аудандық желілік-техникалық учаскесі, басшы, Махамбет ауылының тұрғыны.
- Сандыбаев Сержан Турсыметович, 1985 жылы туған, «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Махамбет аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК, директор, Махамбет ауылының тұрғыны.
- Джумагалиева Гульмира Сабыровна, 1972 жылы туған, «ПЦН Күзет» ЖШС, бас директор, Бейбарыс ауылының тұрғыны.