Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске асыру арқылы нарық субъектісін (мемлекеттік кәсіпорын) құру туралы мүддесін білдіруін сұрату
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» № 103 бұйрығына сәйкес, Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігімен «Таза Махамбет» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын құруы жоспарлануда.
Осыған байланысты, жеке және заңды тұлғалардың осындай кәсіпорынды құру бойынша қызығушылық білдірген жағдайда, 2025 жылдың 19 наурызға дейін Атырау облысы, Махамбет ауданы әкімдігіне, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Абай көшесі, 16, 17 кабинет (1 қабат) мекен-жайына ұсыныстарыңызды жолдауды сұраймыз.
Байланыс үшін: Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы - Шакимов Асылхан Калкенович.
тел.: +7 (712)362-14-16