Хабарландыру!!!

Хабарландыру!!!

 

 

         Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты, «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV Заңының 16-бабына сәйкес, «Қоғамдық медиаторды сайлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 134 бұйрығы негізінде  ауылдық округ бойынша қоғамдық медиаторлар сайлау үшін үміткерлер құжаттарын қабылдау жүріп жатырғанын хабарлайды.

        

         Қоғамдық медиаторға қойылатын талаптар:

         Қоғамдық медиаторды сайлауға қатысуға ниет білдірген үміткерлер Ақжайық  ауылдық округі әкімінің аппаратына мынадай құжаттарды тапсырады:

         1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш);

          2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

          3) заңды мекен-жайы туралы мәлімет;

          4) байланыс деректері (пошта немесе электрондық мекенжайы не телефон немесе телефакс нөмірі);

          5) медиатордың маманданып жүрген медиация саласы туралы мәліметтер;

          6) медиатордың медиацияны жүзеге асыра алатын тілі туралы мәліметтер;

          7) үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардан және психоневрологиялық ұйымнан берілген медициналық анықтамалар;

          8) соттылығының жоқтығы туралы анықтама.

         Құжаттарды қабылдау мерзімі қоғамдық медиаторларды сайлау туралы хабарландыру жарияланған күнінен кейін 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

         Үміткерлер тиісті құжаттарын  Zha.dauletkaliev@atyrau.gov.kz  электрондық поштасына немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы және (немесе) қолма-қол қағаз немесе электрондық тасығыштар арқылы Ақжайық ауылы, Махамбет көшесі, №33 мекен-жайына жіберуге немесе қолма қол әкелуге болады.

Дата публикации
05 января 2025