Махамбет ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтама
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Махамбет ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 225ө «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі негізінде жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары келесі жұмысшы тобымен жасақталды:
|
Мұқанғалиев Алшынбек Жандарбекұлы
|
- |
Махамбет ауылдық округі әкімінің орынбасары, Жұмыс тобының жетекшісі |
|
Сембаева Гулмира Ермеккалиевна
|
- |
Махамбет ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы |
|
Аруева Жадыра Рскалиевн |
- |
Махамбет ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:
2024 жыл 3 қаңтары мен 2024 жылдың 30 қараша аралығы.
Талдау кезеңі: 2024 жылдың 17 желтоқсаны мен 2024 жылдың 30 желтоқсаны.
«Махамбет ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, Атырау облысы,
Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі №13.
Сипаттама бөлігі:
1.Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау
Махамбет ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Махамбет ауылдық округі әкімі аппаратында 9 мемлекеттік қызметкер бар.
2.Мүдделер қақтығысын реттеу
Округте мүдделер қақтығысы жоқ.
3.Мемлекеттік қызметтер көрсету
Махамбет ауылдық округі әкім аппараты 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
көрсету мерзімі – 13 (он үш) жұмыс күн. Есепті кезеңде 15 өтініш түскен, 11- қанағаттандырылды.
Қызмет көрсету мерзімі – 1 кезең – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күн, 2 кезең – 18 (он сегіз) жұмыс күн. Есепті кезеңде - 77 өтініш түсіп, 18 өтініш – қанағаттандырылды, 51 – бас тартылды, 8 – процестте.
Қызмет көрсету мерзімі – 10 (он) жұмыс күн. Есепті кезеңде 205 өтініш
түсіп, барлығы қанағаттандырылды.
мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»
Қызмет көрсету мерзімі 1 кезеңнен және 2 кезең – 3(үш) жұмыс күн. Есепті кезеңде 55 өтініш түсті, 44 өтініш қанағаттандырылды;
сату»
Қызмет көрсету мерзімі – көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар
топтамасы тапсырылған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні. Есепті кезеңде 40 өтініш түсіп, 37 қанағаттандырылды.
Махамбет ауылдық округі әкімі аппаратында рұқсат беру функциялары жоқ.
Махамбет ауылдық округі әкімі аппаратына 2024 жыл 03 қаңтары мен 2024 жылдың 30 қараша аралығында Е-өтініш платформасы арқылы - 49 өтініш, қағаз түрінде - 20 өтініш түскен. Барлық өтініштер қанағаттандырылған. Өтініштерге заңға сәйкес уақытылы жауаптар жолданған.
Махамбет ауылдық округі әкімі аппаратында Этика Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.
7.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер
Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.