«Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне
жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Жалғансай ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №83-ө «Жұмыс тобын құру туралы» өкімі негізінде жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары келесі жұмысшы тобымен жасақталды:
1) Қайырғалиев Асылжан Саматұлы – ауылдық округ әкімі;
2) Балатаева Мадина Икемгалиевна – ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
3) Мұхышева Райгүл Меңдібайқызы - ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
4) Пернебеков Нұғман Нұрханұлы – ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:
2024 жыл 13 желтоқсанымен 2025 жылдың 13 қаңтар аралығы.
Талдау кезеңі: 2023 жылдың 1 желтоқсаны мен 2024 жылдың 1 желтоқсан аралығы.
«Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ Атырау облысы, Махамбет ауданы, Жалғансай ауылы, М.Өтемісов көшесі №1.
Сипаттама бөлігі:
Жалғансай ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Жалғансай ауылдық округі әкімі аппаратында штат саны бойынша 4 мемлекеттік қызметкер бар.
Округте мүдделер қақтығысы жоқ.
Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
1) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» Қызмет көрсету
мерзімі – 13 (он үш) жұмыс күн. Есепті кезеңде 1 өтініш түсіп, қанағаттандырылды.
2) «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»
Қызмет көрсету мерзімі – 1 кезең – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күн, 2 кезең – 18 (он сегіз) жұмыс күн. Есепті кезеңде 24 өтініш түсіп, 6 өтініш қанағаттандырылды, 14 өтінішке бас тарту туралы хабарлама берілген, 4 өтініш жұмыс үстінде.
3) "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту"
Қызмет көрсету мерзімі - 10 (он) жұмыс күн. Есепті кезеңде 5 өтініш түсіп, 4 өтініш қанағаттандырылып, 1 өтінішке бас тарту туралы хабарлама берілген.
4) «Сауда саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»
Қызмет көрсету мерзімі – 1 кезеңнен және 2 кезең – 3 (үш) жұмыс күн. Есепті кезеңде өтініш түскен жоқ.
5) «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»
Қызмет көрсету мерзімі - көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні. Есепті кезеңде 3 өтініш түсіп, қанағаттандырылды.
Жалғансай ауылдық округі әкімі аппаратында рұқсат беру функциялары жоқ.
Жалғансай ауылдық округі әкімі аппаратына 2023 жыл 01 желтоқсанымен 2024 жылдың 01 желтоқсан аралығы е-өтініш арқылы 7 өтініш түскен, оның ішінде 5 қанағаттандырылып, 2 өтінішке заң шеңберінде түсінік берілген. Өтініштерге заңға сәйкес уақытылы жауаптар жолданған.
Жалғансай ауылдық округі әкімі аппаратында Этика Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.
Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары
І.Кіріспе
басталды: 2024 жылдың 13 желтоқсан, аяқталды 2025 жылдың 13 қаңтар.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
Тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталмады.
ІІІ. Қорытынды бөлім
- Округ әкімі аппаратымен бақылау функциялары іске асырылмайды.
Округ әкімі аппаратының 2023 жыл 01 желтоқсанымен 2024 жылдың 01 желтоқсан аралығына арналған қаражаты толығымен, жыл соңына дейін 100% пайызға игерілген, аппараттың қызметінде бюджет қаражатын игеру және бөлу функциялары қарастырылған.
2023 жыл 01 желтоқсанымен 2024 жылдың 01 желтоқсан аралығындағы ауылдық округ әкімі аппаратымен ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес заңды тұлғалармен 57 мемлекеттік сатып алу шарты жасалған.
Округ әкімі аппаратымен ақпараттық жүйелер әзірленбеген, себебі барлық ақпараттық жүйелер Махамбет аудандық әкімдігі арқылы жүргізіліп келеді.
Округ әкімі аппаратының жалпы құжат айналымы:
2023 жыл 01 желтоқсанымен 2024 жылдың 01 желтоқсан аралығындағы жалпы құжат айналымының саны 1246 (оның ішінде, кіріс – 730 , шығыс –516) құрады.
Округте өз – өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасайды, жыл басынан тұрғындар 131 мемлекеттік қызмет түрін және 117 тұрғын электронды сандық қолтаңба (ЭЦҚ) алды.
Талдау нәтижесінде аппараттың қызметінде қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын себептерді жою бойынша ҰСЫНЫМДАР.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізу.
2023 жыл 01 желтоқсанымен 2024 жылдың 01 желтоқсан аралығындағы қорытынды бойынша талдау кезінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша келесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдер анықталды.
ҰСЫНЫМДАР:
"Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі қазіргі уақытта ауылдық округі әкімімен көрсетіледі. Алайда, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері болып танылған.
Тәуекелді жою үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министріне тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жолдау ұсынылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Жұмыс тобы мүшелері:
Жалғансай ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы М.И.Балатаева
Жалғансай ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы Р.М.Мұхышева
Жалғансай ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы Н.Н.Пернебеков
Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды:
Жалғансай ауылдық округі әкімі А.С.Қайырғалиев