Алға ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіне жүргізілген
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
І.КІРІСПЕ БӨЛІМІ:
1)Мусин Расул Тулегенович - округ әкімі;
2)Нұрғожа Гүлнар Хасанқызы - Ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
3)Рысқалиев Ахмедияр Наурызбайұлы - Ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
4.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауда 2023 жылдың 1 желтоқсанымен 2024 жылғы 1 желтоқсан аралығындағы кезең қамтылды.
5.Округ әкімі Р.Мусинге топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.
6.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 2024 жылдың 9 желтоқсан мен 2025 жылғы 9 қаңтар аралығы.
ІІ.СИПАТТАМА БӨЛІМІ:
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Округ әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (бұдан әрі қарай - НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Талданатын объект туралы мәліметтер:
Алға ауылдық округі әкімі аппараты (бұдан әрі - әкімнің аппараты) ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады. Есепті кезеңде округ әкімі аппаратында өз қызметін жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар орын алмаған.
Мекен-жайы: Мемлекеттік мекеменің толық атауы – «Алға ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Заңды мекен-жайы: индексі 060703, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Алға ауылы, Орталық көшесі, үй 9.
Округтің қызметіне, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, НҚА-ды, бөлімдер өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.
1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
Алға ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Алға ауылдық округі әкімі аппаратында штат саны бойынша 5 мемлекеттік қызметкер бар. Қазіргі уақытта бос лауазымдық орын жоқ.
2.Мүдделер қақтығысын реттеу
Округте мүдделер қақтығысы жоқ.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету
Алға ауылдық округі әкімі аппараты 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
1) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» Қызмет көрсету мерзімі – 13 жұмыс күні. Есепті кезеңде 1 өтініш түсіп , шешім шығарылды.
2) « Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»
Қызмет көрсету мерзімі – 46 жұмыс күн. Есепті кезеңде 12 заңды тұлғаға, 3 жеке тұлғаға мемлекеттік қызмет электронды, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы қызмет көрсетілді.
3) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.
Қызмет көрсету мерзімі - көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;
І этап бойынша - 0
ІІ этап бойынша – 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
4)Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату.
Қызмет көрсету мерзімі - көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» бойынша 8 қызмет көрсетілді .
5) «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі;
Қызмет көрсету мерзімі - көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 10 (он) жұмыс күні; Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде көрсетіледі. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызмет бойынша есепті мерзім ішінде 10 қызмет көрсетіліп, шешім шығарылды.
Сонымен қатар, ішкі бақылау бойынша, 2024 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын ішкі бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес, есепті кезеңнін тамыз айында мемлекеттік мекеменің жұмысы тексерілді.
Ішкі мемлекеттік бақылау шараларының нәтижесінде заң нормаларын сақталып, кемшіліктер орын алмағандығы белгілі болды.
Округте өз – өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасайды, есепті мерзім ішінде тұрғындар 149 мемлекеттік қызмет түрін және 129 тұрғын электронды сандық қолтаңба (ЭЦҚ) алды.
Округтегі көрсетілетін мемлекеттік қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында төмендегіше ұсыныс :
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығының 1 қосымшасына сәйкес көрсетіліп жүрген «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметтің қызмет берушінің атауында : Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері деп көрсетілген, 2024 жылдың қаңтарынан жер учаскесіне уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімін ауылдық округ әкімдері шығарып келеді. Осы орайда аталған бұйрыққа қызмет көрсетушілердің атауына жергілікті атқарушы орган ауылдық округ әкімдерін кірістіру;
"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметі де бұрын қағаз түрінде ауылдық округ әкімдері қызмет беруші болып келді. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығының 15 қосымшасында Мемлекеттік қызметті Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі жеке тұлғаларға көрсетеді деп көрсетілген. Қазіргі уақытта электрондық (ішінара) автоматтандырылған) қызмет алушылар ЕГОВ бағдарламасы арқылы 2022 жылдан өздері өтініш береді. Уақытша сайттың жұмыс жасамауынан Махамбет ауданы бойынша блокта болуына байланысты кезек реті көрінбейді. Ауылдық округте 2022 жылға дейінгі тұрғын үй үшін қағазбен өтініш берушілердің кезек реттілігі бар. Электронды өтініш бердім болмаса бергім келеді деген тұрғындар бар, сондықтан осы қызмет түріндегі шешімін таппай тұрған жұмыстарды ретке келтіруді сұрап жоғары тұрған жауапты мекемелерге ұсыныс беру сұралады.
4.Рұқсат беру функцияларын іске асыру
Алға ауылдық округі әкімі аппаратында рұқсат беру функциялары жоқ.
5.Округке келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген. Кодекстің негізгі бағыты әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізу болып табылады.
Осыған орай, әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғаларға түсетін барлық жазбаша (қағаз немесе электрондық) немесе ауызша нысандағы жолданымдар Кодекс талаптарына сәйкес тіркеледі, қаралады және шешім қабылданады.
Есепті кезеңде «Е-Өтініш» бойынша әртүрлі мәселемен 4 өтініш түсті, және 9 адам жеке қабылдауда болды , барлығына мерзімін асырмай уақытылы жауап берілді.
Алға ауылдық округі әкімі аппаратында Әдеп Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.
Округ әкімі аппаратымен бақылау функциялары іске асырылмайды.
Округ әкімі аппаратының 2023 жылдың 1 желтоқсан – 2024 жылдың 1 желтоқсан аралығындағы арналған қаражаты толығымен , жыл соңына дейін 99% пайызға игерілген, аппараттың қызметінде бюджет қаражатын игеру және бөлу функциялары қарастырылған.
2023 жылдың 1 желтоқсан – 2024 жылдың 1 желтоқсан аралығындағы ауылдық округ әкімі аппаратымен ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жеке тұлғалармен 2 , заңды тұлғалармен 60 мемлекеттік сатып алу шарты жасалған.
Округ әкімі аппаратымен 2023 жылдың 1 желтоқсан – 2024 жылдың 1 желтоқсан аралығындағы ақпараттық жүйелер әзірленбеген, себебі барлық ақпараттық жүйелер Махамбет аудандық әкімдігі арқылы жүргізіліп келеді.
Округ әкімі аппаратының жалпы құжат айналымы:
2023 жылдың 1 желтоқсан – 2024 жылдың 1 желтоқсан аралығындағы жалпы құжат айналымының саны 1404 (оның ішінде, кіріс – 718 , шығыс – 686 ) құрады.
ІІІ. Қорытынды бөлімі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау бойынша:
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі |
|
Округ әкімі аппаратының бас маманы |
«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына өзгеріс енгізуге ұсыныс. |
1.2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығының 1 қосымшасына қызмет көрсетушілердің атауына жергілікті атқарушы орган ауылдық округ әкімдерін кірістіру ; 2.2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығының 15 қосымшасында қазіргі уақытта электрондық (ішінара) автоматтандырылған) қызмет алушылар ЕГОВ бағдарламасы арқылы 2022 жылдан өздері өтініш береді. Уақытша сайттың жұмыс жасамауынан Махамбет ауданы бойынша блокта болуына байланысты кезек реті көрінбейді. Ауылдық округте 2022 жылға дейінгі тұрғын үй үшін қағазбен өтініш берушілердің кезек реттілігі бар. Осы қызмет түріндегі шешімін таппай тұрған жұмыстарды ретке келтіруді сұрап жоғары тұрған жауапты мекемелерге ұсыныс беру сұралады. |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау деңгейі төмен |
ҰСЫНЫМДАР:
Талдау нәтижесінде аппараттың қызметінде қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын себептерді жою бойынша ҰСЫНЫМДАР:
1.Махамбет аудандық әкімі аппаратына: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығының 1 және 15 қосымшаларына өзгеріс енгізу мақсатында ұсыныс хат жолдау.
«КЕЛІСІЛДІ»
Жұмыс тобы мүшелері:
Алға ауылдық округінің бас маманы Г.Нұрғожа
Алға ауылдық округінің бас маманы А.Рысқалиев
Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды:
Алға ауылдық округ әкімі Р.Мусин
25 желтоқсан 2024 жыл