«Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне
жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Ақжайық ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №75 өкімі негізінде жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары келесі жұмысшы тобымен жасақталды:
1) Ерманов Актурлан Ертурлиевич – ауылдық округ әкімі, Жұмыс тобының жетекшісі;
2) Даулеткалиев Жасулан Лесович – ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
3) Джапарова Гулзира Тазабаевна - ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:
2024 жыл 3 қаңтары 2024 жылдың 30 қараша аралығы.
Талдау кезеңі: 2024 жылдың 17 желтоқсаны мен 2024 жылдың 27 желтоқсаны .
«Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты» ММ Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақжайық ауылы, Махамбет көшесі №33.
Сипаттама бөлігі:
Ақжайық ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Ақжайық ауылдық округі әкімі аппаратында штат саны бойынша 4 мемлекеттік қызметкер бар.
Округте мүдделер қақтығысы жоқ.
Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
1) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» Қызмет көрсету мерзімі – 13 (он үш) жұмыс күн. Есепті кезеңде 2 өтініш түсіп, қанағаттандырылды.
2) «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»
Қызмет көрсету мерзімі – 1 кезең – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күн, 2 кезең – 18 (он сегіз) жұмыс күн. Есепті кезеңде 25 өтініш түсіп, 11 өтініш қанағаттандырылды, 7 өтініш бас тарту туралы хабарлама берілген, 7 өтініш қаралуда.
3) "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту"
Қызмет көрсету мерзімі - 10 (он) жұмыс күн. Есепті кезеңде 6 өтініш түсіп, барлығы қанағаттандырылды.
4) «Сауда саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»
Қызмет көрсету мерзімі – 1 кезеңнен және 2 кезең – 3 (үш) жұмыс күн. Есепті кезеңде 1 өтініш түсіп, қанағаттандырылды;
5) «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»
Қызмет көрсету мерзімі - көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні. Есепті кезеңде 5 өтініш түсіп, қанағаттандырылды.
Ақжайық ауылдық округі әкімі аппаратында рұқсат беру функциялары жоқ.
Ақжайық ауылдық округі әкімі аппаратына 2024 жыл 3 қаңтарымен 2024 жылдың 30 қарашасы аралығы е-өтініш арқылы 5, қағаз түрінде 3 өтініш түскен. Барлық өтініштер қанағаттандырылған. Өтініштерге заңға сәйкес уақытылы жауаптар жолданған.
Ақжайық ауылдық округі әкімі аппаратында Этика Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.
Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.