Атырау облысы Махамбет ауданындағы су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы

     

 

 

 

 

 

 

 

 

Атырау облысы Махамбет ауданындағы су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағының 5-8) тармақшасына сәйкес және су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыру мақсатында, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ортақ су пайдалану талаптарын ескере отырып Атырау облысы Махамбет ауданындағы су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтары белгіленсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Махамбет ауданы әкімінің орынбасары А.Аймуратовқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

           

Аудан әкімі                                                                                Қ.Нұрлыбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Махамбет аудандық әкімдігінің        

2024 жылғы« ___»   қазандағы

№____ қаулысына қосымша

 

Атырау облысы Махамбет ауданындағы су обьектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтары

 

 



Атырау облысы Махамбет ауданындағы су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы
Дата публикации
15 ноября 2024