2024 жылдың 1-ші жартыжылдығында ауылдық округтердегі тұрғындар жиындарының қорытындысымен жасақталған ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ

 

 

2024 жылдың 1-ші жартыжылдығында ауылдық округтердегі тұрғындар

жиындарының қорытындысымен жасақталған

ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ

№

Сұрақ қоюшы

Мәселенің

мазмұны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Мәселелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Ақтоғай ауылдық округі

1

Сисекенов Тұрлан – Ө.Атамбаев елді мекенінің тұрғыны.

Ө.Атамбаев елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз етуді сұрайды.

Ақтоғай ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі.

2024 жыл

Атамбаев елді мекеніне су желісінің құрылысын жүргізу үшін 2024 жылы мемлекеттік сатып алу тәсілімен конкурс жарияланып, жеңімпаз болып «УНИВЕРСАЛСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-і анықталды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарын бастау үшін рұқсат талоны рәсімделуде.

Ақжайық ауылдық округі

2

Нұрғалиев Жылқышы – Ақжайық ауылының тұрғыны.

Ақжайық ауылындағы арнайы соғылған судан қорғау бөгеттерінен төрт түлік мал өту үшін жол ашу жұмыстарына арнайы техника бөлуді сұрайды. 

Ақжайық ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

2024 жыл, шілде айы

Су тасқыны кезінде ауыл тұрғындары мен ауылшаруашылығы малдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төрт-төлік малдарды  қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізілді. Қауіп сейілгеннен кейін аудан әкімдігінен арнайы техникалар бөлініп, судан қорғау бөгеттерінен мал өту үшін арнайы орындар белгіленіп, ашу жұмыстары жүргізілді.

Жалғансай ауылдық округі

3

Жұмағалиев Марлен – Жалғансай ауылының тұрғыны.

Жалғансай ауылының ауылішілік көшелеріне басталған жол құрылыс жұмыстарын қайта жандандыруды сұрайды.

Жалғансай ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

2024 жыл

Жалғансай ауылының ауылішілік жол құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталған болатын. Мердігер мекеме «АтырауИнжСтрой» ЖШС. Қазіргі уақытта қосалқы мердігер «ГСК РиМ» ЖШС-і жол құрылыс жұмыстарын жүргізуде. 2024 жылдың желтоқсан айына дейін Жалғансай ауылының жол құрылыс жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр.

4

Жалғансай ауылының жаңа мөлтек ауданын телефон және интернет байланыс жүйесімен қамтамасыз етуді сұрайды. 

Жалғансай ауылдық округі әкімі,

«Қазақтелеком» АҚ Махамбет телекоммуникация торабы.

 

2024 жыл

«Қазақтелеком» АҚ Махамбет желілік-техникалық учаскесінің 2024 жылғы 17 шілдедегі №19 санды хатына сәйкес, қазіргі уақытта сым желісімен интернет желісін орнату жұмыстары тоқтатылған. Күні бүгін интернет желісі заманға сай талшықты оптикалық желісімен жүргізіледі. Атырау облыстық телекоммуникация дирекциясының жоспарына сәйкес бірінші кезекте Махамбет ауылының тұрғындарын талшықты оптикалық желісімен қамтамасыз етіп, содан кейін ауыл аймақтарды толықтай талшықты оптикалық интернет желісімен қамтамасыз етеді.

5

Судан қорғау бөгеттері соғылған жер иелеріне жер беру немесе судан қорғау бөгеттерінің орындарын ауыстыру мәселесін шешуді сұрайды.

Жалғансай ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі.

2024 жыл

Аудандағы судан қорғау мақсатында соғылған барлық судан қорғау бөгеттері толығымен заңдастырылатын болады. Қазіргі уақытта аудандық жер қатынастары бөлімі арқылы аудан бойынша бөгеттермен беттескен жер учаскелерінің тізімі анықталуда. Жұмыстар толық аяқталғаннан кейін, анықталған жер телімдерінің иелеріне хабарламалар беріліп, жер иелерінің келісімен жер көлеміне сәйкес тепе-тең жер учаскесі беріледі немесе заңға сәйкес мемлекет мұқтаждығы үшін кері қайтарылады.

6

Амирова Злиха – Жалғансай ауылының тұрғыны.

Уақытша орнатылған электр трансформатордың қуаты бірнеше үйге жетпеуіне байланысты трансформатордың электр қуатын көтеруді сұрайды.

Жалғансай ауылдық округі әкімі,

«Атырау Жарық» АҚ Махамбет аудандық электр жүйесі.

2024 жыл

Махамбет ауданы, жалғансай ауылының жаңа мөлтек ауданы мен Махамбет ауылының «Мерей» ықшам ауданына электр желілерінің құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталып, 2023 жылы жобаға түзету енгізіліп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Осы жобада Жалғансай ауылына 3 электр трансформаторы және 1 дана тарату қосалқы стансасын орнату қарастырылған.

Бейбарыс ауылы

7

Көшалиев Жасұлан – Бейбарыс ауылының тұрғыны.

Бейбарыс ауылының Б.Хисмеденова көшесіне электр жүйесі мен трансформатор орнатуды сұрайды.

Бейбарыс ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

2024 жыл

Бейбарыс ауылының Б.Хисмеденова көшесіне түнгі көше жарығы мен электр жүйесіне сметалық құжаттама жасақталып, құрылыс жұмыстарына қажетті қаражатқа сұраныс берілді. Қазіргі уақытта аталған көшеге электр трансформаторын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Бақсай ауылдық округі

8

Қалмағамбетов Алданбай – Таңдай ауылының тұрғыны, зейнеткер.

Таңдай ауылындағы су тарату қондырғысын іске қосып, таза ауыз сумен қамтамасыз етуді сұрайды.

Бақсай ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі,

«Махамбет-Су» ШЖҚ КМК басшысы.

2024 жыл,

1 қыркүйек

Қазіргі уақытта жоспарға сай Махамбет ауданындағы 12 су тазарту қондырғысына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Күрделі жөндеу жұмыстары 2024 жылдың  маусым айында басталып, 1 қыркүйекте іске қосу жоспарлануда.

Жалғансай ауылы

9

Отаров Жалғас – Жалғансай ауылының тұрғыны, зейнеткер.

Жалғансай ауылындағы боздақтар ескерткішіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрайды.

Жалғансай ауылдық округі әкімі.

2024 жыл

Жалғансай ауылы, Р.Отаров көшесінде орналасқан ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткішіне жәй жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін баға беру әдісімен мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Жеңімпаз анықталғаннан кейін жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Алға ауылдық округі

10

Кушенов Таймус – Алға ауылының тұрғыны, зейнеткер.

«Атырау-Индер» тас жолын жөндеп, Атырау қаласына қатынайтын автобус автокөлігін шығаруды сұрайды.

Алға ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

2024 жыл,

тамыз

«Атырау - Индер» тас жолына уақытша айналма жолдар салу арқылы  жөнделіп, Атырау қаласына қатынайтын автобус автокөлігі 8 шілдеден бастап ауыл тұрғындарын тасымалдауда.

Ақтоғай ауылдық округі, Ө.Атамбаев елді мекені

11

Сұлташев Серік – Ө.Атамбаев елді мекенінің тұрғыны.

Ө.Атамбаев елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз етуді сұрайды.

Ақтоғай ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі.

2024 жыл

Атамбаев елді мекеніне су желісінің құрылысын жүргізу үшін 2024 жылы мемлекеттік сатып алу тәсілімен конкурс жарияланып, жеңімпаз болып «УНИВЕРСАЛСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-і анықталды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарын бастау үшін рұқсат талоны рәсімделуде.

Махамбет ауылдық округі

12

Оңдасов Бисенғали – Махамбет ауылының тұрғыны, зейнеткер

Махамбет ауылының А.Оңайбаев және А.Тұржанов көшелерін қосатын автокөлік жолын салуды сұрайды.

Махамбет ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

2024 жыл

Махамбет аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2024 жылғы жоспарына сәйкес  Махамбет ауылының А.Оңайбаев және А.Тұржанов көшелерін қосатын ұзындығы                       227 шаршы метр жолының құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

 

Дата публикации
01 августа 2024