Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы хабар

Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу

туралы хабар

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округінің әкімін тіркегендігі жөнінде хабарлайды:

Махамбет ауылдық округінің әкімі болып Сапаров Нұрлан Зейнелғабиденұлы 1977 жылы туған, «Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің бас маманы, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылының тұрғыны тіркелді.

 

Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
23 июля 2024