Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытынды ХАБАРЫ
2024 жылғы 21 шілдеде Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабы 9) тармақшасы, 44-бабы, 113-10-баптарына сәйкес, Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелерін белгіледі:
Махамбет ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 7740 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 3814. Жарамсыз бюллетеньдер саны 36, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны 79.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
|
Б.Ғ. Қыдыровқа |
1017 |
|
А.М. Салиевке |
1109 |
|
Н.З. Сапаровқа |
1573 |
Махамбет ауылдық округінің әкімі болып Сапаров Нұрлан Зейнелғабиденұлы 1977 жылы туған, «Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің бас маманы, Атырау облысы Махамбет ауданы, Махамбет ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынылған кандидат сайланды.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы