Талдамалық анықтама құрылыс

«Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2023 жылдың қыркүйек  айы мен 2024 жылдың мамыр айы аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша талдамалық анықтама

            Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2024 жылғы 13 маусымдағы №36 бұйрық негізінде, комиссия құрамымен бөлімнің өндірістік-техникалық, жобалау-сметалық құжаттама, мемлекеттік сатып алу және іс жүргізу, бухгалтерлік есеп және есептеу бағыттарының 2023 жылдың қыркүйегі мен 2024 жылдың тамыз айлары араларындағы қызметіне жүргізілді. Комиссия құрамында Ж.Б.Төлеуғалиев, С.Б.Бақтыгерей, Ш.Ж.Бағдалова.

        Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2 бағыттан тұрады:

  1. Бөлімнің ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас

жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Бөлім қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас

жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

        Бөлімнің ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  • персоналды басқару қызметіне талдау жасалды, оның ішінде

кадрлардың ауысуы. Талдау жүргізілген мерзімде бөлімде штат саны 3 бірлікті құрады. Бөлім басшысы, 2 бас маман.

  • бөлім мемлекеттік қызет көрсетеді және рұқсат қағазын береді.
  • есепті кезеңде мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
  • бақылау функцияларын іске асыру-құжатайналым бойынша бөлімге

келіп түскен арыз-шағымдар, сонымен қатар хаттар, аудан әкімі аппаратынан және тікелей бөлім арқылы да, Е-өтініш бағдарламасы, Интегро бағдарламасы, электрондық Үкімет порталы арқылы да қабылданады.

        Талдау кезеңінде, яғни 2023 жылдың қыркүйек-2024 жылдың мамыр аралығында:

        -       заңды тұлғалардан –122 өтініш;

        -      жеке тұлғалардан – 1223 өтініш;

        -      кіріс хаттар – 270-ті құрады.

        Өтініштер оң шешімін тауып, барлығы қанағаттандырылды. Орындалысы

үнемі қатаң бақылануда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ.

        Бөлімнің көрнекті жерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексі ілінген. Әдеп кодексі жаңа үлгіге сәйкестендіріліп стенд жасақталды.

       Бөлім басшысының азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдау кестесі бекітілді және ресми сайтта жарияланды. Сонымен қатар, аудан әкімінің телеграм чат-арнасына келіп түскен сауалдарға уақытылы және нақты жауап беріліп отырады, қадағаланады. «109 ситуациялық орталығы» және аудан әкімінің телеграм чаты арқылы түскен арыз-шағымдары, сұрақтары бойынша мәселелер қаралып, жауабы жолданылып отырады. Арыз-шағым жәшігі ілінген.

      Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

      Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерелейтін материалдар жарияланған жоқ. Мемлекеттік қызметшілер атына Әдеп кодексін бұзған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін нормалар анықталмады.

     Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер орын алған жоқ.

  1. Бөлім қызметіндегі нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас

жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

       2.1. Бөлімнің бухгалтерлік есеп бағыты келесідей нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады:

       - «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы;

       - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы;

       - «Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі» 2008 жылғы  4 желтоқсандағы №95-IV Заңы;

       - «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Салық кодексі;

        -  «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы;

        - «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы№ 629 бұйрығы;

        - «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығы;

        -  «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Заңы;

        - «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы;

        - «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №  413-IV Заңы;

Аталған нормативтік-құқықтық актілер төмендегідей жұмыстарды

жүргізу тәртібін айқындайды:

         Бекітілген нормаға сәйкес бөлімнің жұмысын қаржы-шаруашылық және материалды-техникалық жағынан қамсыздандыру жұмысын ұйымдастыру, бөлінген лимитке сәйкес шығыстарды үзіліссіз қаржыландыруды ұйымдастыру, қаржының мақсатты жұмсалуына және жоспарлық тағайындаулардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Бөлім бюджетінің орындалуы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, мониторинг жүргізу, жергілікті және республикалық бюджеттен қажеттілігіне қарай мәслихаттан қаражат сұрату. Бөлім қызметкерлерінің еңбекақы мен демалыс төлемдерін төлеу және аударуды жүзеге асыру, жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар жүргізу, бөлім бойынша бухгалтерлік есеп және есеп беруді жүргізу, бөлім бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектер бойынша есептер жасақтау, құзырлы органдарға ұсыну.

         Мекемелерден қарыздар борыштар, несие (дебиторлық және кредиторлық) бережақтар, тоқсандық, жылдық есептердің дұрыстығын тексеріп аудандық экономика және қаржы бөліміне тапсыру үшін есеп құрастыру. Мемлекеттік сатып алу бойынша қолма-қол бақылау шоттар бойынша кепілдік жарналарды қайтару. Мүліктерді түгендеу нәтижелерін уақытылы және дұрыс анықтап, оларды есепке пайдалану. Статистика және мемлекеттік кірістер басқармасына есеп беру және К-2 жүйесі арқылы келіп түскен №4-20, 5-20 формасына сәйкес күнделікті бюджет қаржысының орындалуына кестелер жасау (№1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 және т.б.). Нақтыланған бюджетке сәйкес бюджеттік өтінім, бюджеттік бағдарламалар дайындау, экономика және қаржы бөліміне табыстау. Бөлімнің теңгеріміндегі мүліктерге түгендеу жүргізу, есептен шығару жұмыстарын жүргізу. Күрделі құрылыс, күрделі жөндеу, қайта құру және көріктендіру саласындағы бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің тиісті құжаттарын жасақтау. Бағдарламаның міндеттемелерін тіркеу және сұраныс дайындау, қаражат аудару үшін тапсырыс қағаздарын дайындау.

           2.3. Мемлекеттік сатып алу бойынша келесідей нормативтік-құқықтық актілер басшылыққа алынады:

         - Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы;

         - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы;

         -    Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы №268-XIII «Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі»;

         -    ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434- V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;

         -     «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы  11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы;

         -   «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығы;

       -      «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 521 бұйрығы;

      -    «Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысы;

     -     «Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысы. 

    -   ҚР 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы;

    -  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416- V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

    -  Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

    -  Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі;

Аталған нормативтік-құқықтық актілер төмендегідей жұмыстарды

жүргізу тәртібін айқындайды:

Талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттар оларда сыбайлас жемқорлық сипатындағы нормалардың болуы тұрғысынан тексерілді.

         «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің   2015 жылғы 19 наурыздағы №229 бұйрығының 12 тармағында:

      «4) бухгалтерлiк және статистикалық есепке алуды ұйымдастырады және жүргiзедi, сондай-ақ:

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес орындалған жұмыстар актісіне;

      осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес орындалған жұмыстар актісіне;

     осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес орындалған құрылыс жұмыстары (базалық-индекстік әдіс бойынша) мен шығындар құны туралы анықтамаға;

      осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес орындалған құрылыс жұмыстары (ресурстық әдіс бойынша) мен шығындар құны туралы анықтамаға қол қояды»делінген.

Бұл тармақтың қолданыста болуы  тапсырыс беруші өкілінің орындалған жұмыстар мен орындалған құрылыс жұмыстары мен шығындар құны туралы бекітілген нысандарға  сәйкес  рәсімделетін актілерге қол қоюдың реттілігімен тәртібі анық көрсетілмеуіне және мердігер ұйым өкілімен тікелей қарым-қатынасқа түсіп мердігер ұйым төлем жүргізулерді тездету үшін арандатушылыққа  бару.  Тапсырыс беруші өкілінің техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын сарапшылардың ресми құжаттарға көрінеу жалған мәлiметтердi eнгізуі не аталған құжаттарға олардың шынайы мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгiзуi не көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар беріп пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызметтік  жалғандық  жасауына  итермелеп сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдерін  туғызуы  мүмкін.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар:

Жоба-сметалық құжаттамаға объект құрылысының барысын нақты уақыт режимінде толық бақылау үшін бейне бақылау жүйесін қосу және оны жалпы бақылау функциясы жүктелген жобалау және құрылыс бөлімі басшысына  қолжетімді ету талаптарын енгізу ұсынылады.

Жобалау және құрылыс бөлімінің мемлекеттік  әкімшілік  қызметшілеріне   Махамбет ауданында құрылыс-монтаж жұмыстары басталған  әлеуметтік нысандардың  жұмысын бақылауды  мердігер ұйым өкілдерінің қатысуынсыз немесе бейне бақылау жүйесі  арқылы қашықтықтан  жүзеге асыруды ұсынамыз.

 

 

Комиссия мүшелері                                                                       Ж.Б.Төлеуғалиев

 

                                                                                                           С.Б.Бақтыгерей

                                                                                                           Ш.Ж.Бағдалова

Талдамалық анықтама
Дата публикации
12 июля 2024