Талдамалық анықтама экономика

Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімінде жүргізілген

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы

бойынша 2024 жылдың 8 айындағы

жай-күйі туралы

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

         Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы             №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімінің 2024 жылғы 13 маусымдағы №46  «Жұмыс тобын құру туралы» бұйрығына сәйкес, Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімінің қызметіне 2023 жылдың қыркүйек айы мен 2024 жылдың мамыр айы аралығындағы жұмыс кезеңіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама төмендегі жұмыс тобымен жасақталды:

Нигметова Қамқа Мадғалиқызы – топ жетекшісі, бөлім басшысының орынбасары;

Танатарова Салтанат Рахметжанқызы – топ мүшесі, экономика және бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі;

Қайырбаева Элеонора Жанұзаққызы – топ мүшесі, коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі бас маманы;

Мұхамедиярова Дина Ерсайынқызы – топ мүшесі, қаржыландыру жоспарын жүргізу және талдау жөніндегі бас маман;

Кошмагамбетова Гулжанат Маратовна – топ мүшесі, главный специалист по бюджетной и финансовой отчетности.

         Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімінің қызметтерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:

         Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:

- 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының №414-V «Еңбек Кодексі»;

- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының                         №120-VI Кодексі;

- «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының              2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Кодексі;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;

- «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы                        № 153 Жарлығы;

- 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы;

- «Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы 350-VI ҚРЗ Кодексі;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасының №434-V Заңы;

- «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы                             1 наурыздағы №413-IV Заңы;

-  «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі                              №242 Заңы;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ;

- «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1193 қаулысы;

- «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысы;

- Жекешелендіру бойынша ауылдық округ әкімдерінің басқаруына берілген ауылдық коммуналдық мүліктерден тозығы жеткен, пайдалануға жарамсыз, қайта жөндеу экономикалық жағынан тиімсіз нысандар (автокөліктер, ғимараттар) сауда - саттыққа шығарылып келеді. Барлық сауда саттық аукцион тәсілімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген «Жекешелендіру объектілерін сату» қағидасына сәйкес госреестр веб-порталы арқылы электронды түрде жүзеге асырылады;

- Осы Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидалары "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңына әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы №85 «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен жүзеге асырылады;

- «Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» қағидасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы                        28 қыркүйектегі №1103 қаулысы;

- Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген және дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған, негізгі құрал-жабдықтарға (активтерге) жататын мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу тәртібін  «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» қағидасы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қаржы министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №721 бұйрығы;

- «Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №908 қаулысы;

- «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» қағидасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы                            26 шілдедегі №833 қаулысы;

- «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану» қағидасы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы               30 наурыздағы №227 бұйрығы;

- «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік туралы мәліметтердің нысанын, оларды ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 1 бұйрығы;

- Мемлекеттік сатып алу мемлекеттік тұлғалардың бюджет қаржысы немесе өздерінің меншікті қаражаттары есебінен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді бәсекелестік ортадан сатып алуы болып табылады. Мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР - ның 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңымен, ҚР-сы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеледі;

- «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығы;

- «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №598 бұйрығы;

- «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы №629 бұйрығы;

- «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығы;

- «Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы №15 бұйрығы;

- «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы                               18 қыркүйектегі № 403 бұйрығы;

- «Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығы;

- «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы                           6 желтоқсандағы № 640 бұйрығы;

- «Мемлекеттік мүліктің тізілімін жасау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі                       № 1115 Қаулысы;

- «Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің                         2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығы;

- «Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы   № 1181 қаулысы;

- Махамбет аудандық әкімдігінің 2024 жылғы  24 қаңтардағы №17 қаулысымен бекітілген «Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мәелелері туралы» Махамбет ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы №339 қаулысына өзгеріс енгізу туралы».

Талдау анықтамасы бойынша нормативтік-құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмаған.

         Дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

 

Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерді және құқықтық актілерде анықталған сыбайлас жемқорлық  тәуекелдері:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне  әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының 11-тармағына  сәйкес  №72 жеке басын  куәландыратын  құжаттар,  неке  қиюды  (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу  туралы  куәлік  туралы  мәліметтер,  жылжымайтын  мүлікке  тіркелген  құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер,  тұрғылықты  жері бойынша  тіркелгені  туралы  мәліметтер, көрсетілетін  қызметті  алушыда  және оның жұбайында (зайыбында) және балаларында жылжымайтын  мүліктің  болмауы (болуы)  туралы, көрсетілетін қызметті  алушының  атына  тұрғын  үй  салуға  берілген жер учаскесін пайдалану құқығы  туралы  анықтамалар,  еңбек  қызметі жөніндегі мәліметтер, мәліметтер орта білімнен кейінгі, техникалық  дипломның  болуы  туралы, көрсетілетін қызметті беруші кәсіптік  және/немесе  жоғары білімді порталдан алады (Баспана маркет жылжымайтын мүлік порталы  otbasybank.kz/programm-bank).

Алайда,  «Махамбет ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі»  ММ  «Денсаулық  сақтау,  білім беру,  әлеуметтік  қамсыздандыру,  мәдениет,  спорт  және  агроөнеркәсіптік  кешен  саласындағы  мамандарға,  ауылдық  елді мекендерге  жұмыс  істеу  және  тұру  үшін  келген  ауылдар,  кенттер,  ауылдық  округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші  ретінде  жоғарыда  көрсетілген  мәліметтерді  порталдан  алуға Техникалық қол жетімділігі жоқ. Осыған байланысты, бұл жағдайда Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын, белгіленген тәртіпті бұзуға әкеп соға-тын ақпараттық жүйенің тиісінше жұмыс істемеуі көрінеді.   

Ұсынымдар: Атырау облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасына Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы ақпараттық жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі туралы хат жазу otbasybank.kz/programm-bank.

2) «Агроөнеркәсіптік  кешенді  және  ауылдық  аумақтарды  дамытуды  мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-тармағына  сәйкес  денсаулық  сақтау,  білім  беру,  әлеуметтік  қамсыздандыру,  мәдениет,  спорт  және агроөнеркәсіптік  кешен  саласындағы  мамандарға,  ауылдық  елді  мекендерге жұмыс  істеу  және  тұру  үшін  келген  ауылдар,  кенттер,  ауылдық  округтер  әкімдері  аппараттарының  мемлекеттік  қызметшілеріне  шешім  бойынша  жергілікті  өкілді  органдарға  (мәслихаттарға)  тұрғын  үй  сатып  алу  немесе  салу  үшін көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушылардан «ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызмет-шілеріне Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шарала-рын ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсетуге өтініштер түскен кезде (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) ММ маманы «Махамбет ауданы әкімдігінің  экономика және қаржы бөлімі» өтініштен өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша  тіркеуді  қарайды.  Алайда,  бұл  жағдайда  маман  Махамбет ауданының  ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген кезде мәліметтер жоқ.Ережеде  ауылға  кім  және  қалай  келгені  анықталмайды,  өйткені  әлеуметтік қолдау  шараларын  алу  кезінде  ұсынылатын  құжаттар  тізімінде  маманның  келу  фактісін растайтын  құжат  жоқ,  сол  арқылы  көрсетілетін қызметті беруші  өз  қалауы бойынша  өзінің  критерийлері  негізінде  кімді  және  қалай  келгенін анықтайды.  Қағидалардың  10-тармағында  көрсетілетін қызметті беруші  порталда  көрсетілетін қызметті алушыдан  қабылданатын  құжаттар топтамасының толықтығын тексеретіні  көрсетілген,  бірақ  көрсетілетін  қызметті берушінің рұқсаты  жоқ,  маманның  Махамбет  ауданына  нақты  келген  күнін  тексереді.  Бұл  жағдай  өте  маңызды,  өйткені  Заң  мен  ережелердің  талаптарына  сәйкес әлеуметтік  қолдау  тек  келген  мамандарға  ғана  көрсетіледі,  өйткені  маман диплом  алғанға  дейін  туған  ауылында  тұрып,  сырттай  оқудан  өтіп,  кейін жалпы білім беретін  мектепке  жұмысқа  орналасты,  бірақ  іс  жүзінде  тұрғылықты  жерін  өзгертпеді, сондықтан,  ауылдық  елді  мекенге  жұмыс  істеу және тұру  үшін  келген  маман  болып  табылмайды  және  Қазақстан Республикасының  заңнамасында  белгіленген  біліктілік  талаптарына сәйкес келмейді.

Ұсынымдар:  Атырау  облысы  әкімдігінің  ақпараттандыру,  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  және  мұрағаттар  басқармасына  мамандардың  ауылдық  елді  мекенге  келген  күні  туралы  мәліметтерді  Мемлекеттік  қызмет  көрсету кезінде құжаттар тізбесіне енгізу туралы хат жазу.

         Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – бөлімнің жалпы штат саны 7 бірлікті құрайды, нақты штат саны – 7 бірлік.

Бөлім басшысы 2023 жылдың қараша айынан бастап тұрақты қызмет атқаруда.

Бөлім басшысының орынбасары: штат саны 1 бірлік, тұрақты қызмет атқаруда.

Экономика және бюджеттік жоспарлау секторында 2 бірлік, сектор меңгерушісі тұрақты қызмет атқаруда және бас маманның штат саны 1 бірлік;

Бюджеттің атқарылуы және талдауы жөніндегі бас маман, штат саны 1 бірлік.

Коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі бас маманы, штат саны 1 бірлік, тұрақты қызмет атқаруды.

Бюджеттік және қаржылық есеп беру бойынша бас маман, штат саны 1 бірлік, тұрақты қызмет атқаруда.

Экономика және бюджеттік жоспарлау секторында 2 бірлік, сектор меңгерушісі тұрақты қызмет атқаруда және бас маманның штат саны 1 бірлік, тұрақты қызмет атқаруда;

2) мүдделер қақтығысын реттеу – ағымдағы жылдың 31 мамыр жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;

3) мемлекеттік қызмет көрсету - бөлім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді;

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру – бөлімде рұқсат беру функциясы іске асырылмайды;

5) бақылау функцияларын іске асыру – бөлімде бақылау функциялары іске асырылмайды.

Талдау нәтижесі бойынша құқық бұзушылықтар анықталған жоқ;

6) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер – жоқ;

7) бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері – бөлімге қатысты тексерістер жүргізілген жоқ;

8) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар - қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

9) бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері – бөлім қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;

10) прокурорлық қадағалау актілері – прокурорлық кадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;

11) сот актілері – бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

 

Қорытынды:

          Талдау барысында бөлімде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ҰСЫНЫМДАР:

         1) Атырау  облысы  әкімдігінің  ақпараттандыру,  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  және  мұрағаттар  басқармасына  Баспана  Маркет  жылжымайтын  мүлік порталы  ақпараттық  жүйесінің  дұрыс  жұмыс  істемеуі  туралы  хат  жазу otbasybank.kz/programm-bank.

2) Атырау  облысы  әкімдігінің  ақпараттандыру,  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  және  мұрағаттар  басқармасына  мамандардың  ауылдық  елді  мекенге  келген  күні  туралы  мәліметтерді  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  кезінде  құжаттар  тізбесіне енгізу туралы хат жазу.

 

 

 

Жұмыс тобы:

 

Нигметова Қамқа Мадғалиқызы                                    __________________  

бөлім басшысының орынбасары,

жұмыс тобының жетекшісі;

 

Танатарова Салтанат Рахметжанқызы                          

экономика және бюджеттік жоспарлау

секторының меңгерушісі, жұмыс тобының

мүшесі;                                                                             __________________

 

Қайырбаева Элеонора Жанұзаққызы

коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі

бас маманы, жұмыс тобының мүшесі;                           ___________________

 

Мұхамедиярова Дина Ерсайынқызы                               

қаржыландыру жоспарын жүргізу және

талдау жөніндегі бас маман,

жұмыс тобының мүшесі.                                               ____________________

 

Кошмагамбетова Гулжанат Маратовна                         

бюджеттік және қаржылық есеп беру

бойынша бас маманы,  жұмыс тобының

мүшесі.                                                                          _____________________

        

Талдамалық анықтама
Дата публикации
12 июля 2024