Жария талқылау өткізу туралы хабарлама

 

Атырау облысы  Махамбет ауданы  Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2024 жылдың бес айы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімінің 2024 жылғы 12 маусымдағы №358 «Жұмысшы тобын құру туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары келесі жұмысшы тобымен жасақталды:

         1) Салиев Ақылбек Мұхызаруевич-бөлімнің басшысы;                      2)Зулқашев Алтынбек Шәудірұлы-бөлімнің бас маманы;

3)Сақтапова Парасат Аманбайқызы бөлімнің бас маманы;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:                2024 жылдың бес айы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

2.Мүдделер қақтығысын реттеу                                                                             3. Мемлекеттік қызмет көрсету

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру
  2. Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
  3. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы.
  4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:               2024 жылдың бес айы.

«Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы. Абай  көшесі №22.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Бөлімде штат саны бойынша 3 мемлекеттік қызметкер, бос лауазымдық орын жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

Мекемеге мүдделер қақтығысы бойынша өтініштер түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

 «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-де   2020 жылғы 1 қазандағы Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы №301 бұйрығына сәйкес:

1.«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту»;

2.«Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау»,

3.«Жер учаскесін жеке меншікке бөліп төлеуге сату»;

4.«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»; 4 (төрт) мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.

Сонымен қатар, аудан әкімі және ауылдық округтер арқылы электронды түрде Е-лицензия ақпараттық жүйесі мен жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметтері; Атап айтқанда:

1.«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

2.«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру»;

  1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;
  2. «Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру»;

5.«Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру»;

  1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»; қызметтерін орындалуына ықпалдасады.

2024 жылдың 13 маусымында сауда саттық (аукцион) бойынша кәсіпкерлік мақсатында «E-QAZYNA.KZ» жүйесі арқылы бес жер учаскесі ұсынылып, жеңімпаздары анықталатын болады.

2024 жылы шаруа қожалығын жүргізу үшін 1 мәрте конкурс өткізіліп,            3 жер учаскесі шығарылып, конкурстық комиссияның қорытындысы негізінде        үш жер учаскесінің жеңімпаздары анықталды.

2024 жылдың 5 айы ішінде 413 жер учаскесін уақытша өтеулі және өтеусіө жер пайдаланудың (жалдаудың) шарты және 21 жер учаскесін сатып алу-сатудың шарты жасақталды.

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесінде «ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы саласындағы аудандар мен қалалардың келісуші уәкілетті органдарының тұжырымдары мен ұсыныстары бар түсіндірме жазба» көзделген. Яғни, қызмет алушы осы аталған органдардан келісімін құжаттарға қоса тігіп өткізеді. Сондықтан, қызметтің бизнес-процесінде жер қатынастары саласының орындаушысы «ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі және келісу нәтижелері бойынша оларды қорытындылайды» деген бөлігі қайталама жұмыс болып табылады деп санаймыз. (ҚР АШМ 01.10.20 ж. № 301 бұйрығы)

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығының 8-қосымшасының 9-1, 10-1 тармақшаларына өзгерістер енгізуге ұсыныс хат жолдау. (Аудан әкімі аппаратының Цифрлық технологияларды дамыту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімі, Аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі)

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі қағидасының 2 тараудың 4-тармағына сәйкес өтініш және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін жер комиссиясына дейін ұсыну міндеттелген. Осыған сәйкес, қызмет алушы өз қаражат есебінен жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін әзірлейді. (ҚР АШМ 01.10.20 ж. № 301 бұйрығы)

Алайда, қызмет алушыларға комиссияның оң шешімі шықпаған жағдайда, бағалау құнына төленген қаражат сомасы қайтарылмайды. 
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығының 4-қосымшасына өзгерістер немесе іс-шара сипатына қарай толықтырулар енгізуге ұсыныс хат жолдау. (Аудан әкімі аппаратының Цифрлық технологияларды дамыту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімі, Аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі)

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

«Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде  рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

2024 жылдың бес айында Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімінде барлығы – 106 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан – 105, заңды тұлғалардан – 1 өтініш.

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

«Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Этика Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

         «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде есепті мерзім ішінде – 335 бұйрық, оның ішінде-300 ортақ, 35-і негізгі бұйрықтар қабылданды.

Ағымдағы жылдың есепті мерзімі ішінде қабылданған нормативтік актілерге қатысты Прокуратура және Әділет органдары тарапынан аталған мәселеге байланысты қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түскен жоқ.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

 

І.Кіріспе

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізілді Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі №22, электронды пошта: mahambet-zem@mail.ru. телефон нөмірі 871(236)2-17-63.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі:

басталды 3 қаңтар,  аяқталды 31 мамыр.

  1. Бақыланатын кезең: 2024 жылдың бес айы

 

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

 

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

Тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталмады.

 

ІІІ. Қорытынды бөлімі

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.

         Махамбет ауданы әкімінің аппаратында 2024 жылдың І жарты жылдық қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізу.

 

 

 

Жария талқылау өткізу туралы хабарлама
Дата публикации
10 июля 2024