Махамбет ауданы әкімі аппаратының қызметіне жүргізілген
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
КІРІСПЕ БӨЛІМІ:
1) Дүйсембаев Жандос Жайлыбайұлы -аудан әкімі аппараты басшысының у.м.а; 2)Мухтарова Гаухар Хафизовна-аудан әкімі аппаратының жалпы және шаруашылық бөлімінің басшысы;
3)Бағдалова Шамшырақ Жандарбекқызы-аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар, мемлекеттік көрсетілетін қызметті бақылау бөлімінің бас маманы;
4)Уташева Динара Мендигалиевна-аудан әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды бағалау қызметінің басшысы;
5) Нагимов Дәурен Сержанұлы- аудан әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды бағалау қызметінің бас маманы.
СИПАТТАМА БӨЛІМІ:
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Талданатын объект туралы мәліметтер:
Аудан әкімі аппараты - құзыреті шегінде аудан әкімдігінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Аудан әкімі аппараты өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де НҚА-ға, сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады. Есепті кезеңде Аудан әкімі аппаратында өз қызметін жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар орын алмаған.
Мекен-жайы: Махамбет ауылы, Абай көшесі № 16 ғимарат.
Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
Махамбет ауданы әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Аудан әкімі аппаратында штат саны бойынша 91 мемлекеттік қызметкер, бос лауазымдық орын 8.
5 мемлекеттік қызметкерлерге «ескерту» түріндегі тәртіптік жазалар қолданылды.
Мекемеде мүдделер қақтығысы жоқ.
Жер қатынастары саласындағы бірқатар қызмет түрлері көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жерігілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган тарапынан ұйымдастырылғанымен, соңғы нәтиже ретінде аудан әкімідігінің қаулысы шығады. Олар – аудан көлеміндегі жер учаскелеріне іздестіру жұмыстарын жүргізуге, ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға, нысаналы мақсатын өзгертуге, жайылымдық жерлер үшін, бау-бақша мен бағбандық жүргізу үшін рұқсат беру сияқты қызметтер.
Сонымен қатар, өз кезегінде цифрлық технологияларды дамыту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімі аудан көлеміндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бизнес-процесіне мониторинг жүргізіп отырады.
Есепті кезең бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Махамбет ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 56 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 4360 қызмет көрсетілді, оның ішінде 233 қағаз түрінде, 1168 мемлекеттік корпорация арқылы, 2959 электронды түрде.
Сонымен қатар, ішкі бақылау бойынша, есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын ішкі бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес, барлығы 11 мемлекеттік мекеменің жұмысы тексерілді.
Ішкі мемлекеттік бақылау шараларының нәтижесінде заң нормаларын бұза отырып бірқатар кемшіліктер орын алғандығы белгілі болды.
Кемшіліктерге жол бермеу мақсатында аудан әкімі аппаратының цифрлық технологияларды дамыту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімі мамандарымен тиісті дербес бөлімдер және ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуші мамандарына ұдайы көмек көрсетіліп, түсіндірме семинарлар ұйымдастырылып келеді. Өз кезегінде семинарлардың ұдайы ұйымдастырылуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын-алуға бағытталған.
№1 тәуекел. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі – Департамент) «Кент, ауыл шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қатысты Э.Утешкалиевтің 2024 жылғы 19 сәуірдегі №ЖТ-2024-03780551 өтінімі зерделенді.
Аталған қызмет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген қағида (бұдан әрі – Қағида) негізінде көрсетіледі
Бұл ретте, Э.Утешкалиев 23.02.2024 жылы Махамбет ауылдық округі әкімі аппаратына (бұдан әрі – Әкімдік) Махамбет ауылынан өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскесін сұрап өтініммен жүгінген.
Сәйкесінше, Әкімдікпен аталған өтінім сол күні тіркеліп, Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне (бұдан әрі – Бөлім) жолданған.
Бұдан кейін, Бөліммен жер учаскесін бөлуге монополиялар субьектілері және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Атырау облысы, Махамбет ауданы бойынша филиалына (бұдан әрі – Филиал) келісім алу үшін жолданып, оң қорытындылар алынған және 28.02.2024 жылы Филиалдың Махамбет аудандық тіркеу және жер кадастыры бөліміне жолданған (2 кезеңге).
Атап өту қажет, Қағиданың 9-қосымшасындағы 7-тармағына сәйкес, Мемлекеттік корпорация 10 (он) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспар дайындайды және оны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Алайда, Филиалдың жер кадастр бөлімімен Жерге орналастыру жобасы 16.04.2024 жылы 10 (он) жұмыс күнге кешіктіріліп берілгені анықталды.
Бұдан әрі, Бөлім аталған жерге орналастыру жобасын 16.04.2024 жылы бекіткен және Әкімдікке жолдаған.
Бұл ретте, Әкімдік «жер комиссиясының қорытындысы болмауына байланысты», яғни Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағын басшылыққа алып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруден бас тартқан.
Алайда, Қағиданың 9-қосымшасындағы қызмет көрсетуден бас тарту негіздерінде аталған тармақ (жер комиссиясының қорытындысы болмауы) көзделмеген. Яғни Әкімдік Қағидада көзделмеген негіздерді басшылыққа алып бас тартқан.
Бұдан бөлек, Атырау облысы Жер ресурстарын басқару департаментінің 10.05.2024 жылғы №06-01-23-02-5/582 қорытындысына сәйкес, Бөліммен Атырау облысы әкімдігінің 02.07.2019 жылғы №139 қаулысымен бекітілген Махамбет ауылы Шұғыла мөлтек ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында тұрғын үй салу мақсатына арналаған жер учаскелерін өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін алдын ала тандау актісі негізсіз жасақталған.
Ұсыным: мемлекеттік көрсету кезінде заң талаптарын қатаң сақтау, өтініштерге сапалы және уақытылы жауаптар беру жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізу.
«Махамбет ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде рұқсат беру функциялары жоқ.
Махамбет ауданы әкімі аппаратына барлығы – е-өтініш арқылы 147, қағаз түрінде 135, почта арқылы 2 өтініш түсті.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облыстық басқармасына ай сайын «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» салыстырмалы тексеру актісі тапсырылуда.
№2 тәуекел. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №1358 «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы №1222 «Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен аудан тұрғындарына зиянды өтеу мақсатында жұмыстар жүргізуде.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №1358 «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының (бұдан әрі-Қаулы) 3-1-тармағында «Зардап шеккендердің ең минималды сұранысын қанағаттандыру үшін қажетті мынадай мүлік өтеледі: 1) осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген тұрғын үй, пәтер немесе уақытша (маусымдық) тұруға арналған құрылыс....» деп көрсетілген.
Қазірге таңда, құжат тапсырушылар арасында, ауыл шаруашылығы мақсатында алынған жер учаскесіне салынған қызметтік үйлер және өзінің тұрғын үйімен бірге орналасқан жылыжай, сарай, монша, қора-жайларын өндіру жөнінде өтініштер мен құжаттар тапсырылуда.
Жоғарыда көрсетілген Қаулыда қызметтік тұрғын үй, жылыжай, сарай, монша, қора-жайлар сынды құрылыстар көрсетілмеуіне байланысты, өтініштен бас тартылса, халық арасында наразылық туындауы сөзсіз.
Ұсыным: Көрсетілген қаулы талаптарына сәйкес, қызметтік тұрғын үй, жылыжай, сарай, монша, қора-жайлар сынды құрылыстар өтелуге жататыны немесе жатпайтыны, уақытша (маусымдық) тұруға арналған құрылыстарға қандай объектілер жататыны және бағалау нәтижесіне сәйкес мүліктерді өтеу мөлшері қалай жүзеге асырылатыны жөнінде ұсыныс хат жолдау.
№3 тәуекел. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы минстрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы «Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаралын бекіту туралы» №167 бұйрығында Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу, оның ішінде, ауыл шаруашылығы жануарларының және өсімдік шығындарын өндіру қарастылыған.
Махамбет ауданы аумағында қағидада көрсетілгеннен бөлек, ауыл шаруашылығымен айналысып отырған шаруа және фермер қожалықтары, тоғанда балық өсіру жобасы, ешкі сүт зауыты, жылыжайда лимон өсіру, жылыжайда көккөністер өсіру шаруашылығымен айналысатындар бар.
Қазірге таңда, сол кәсіпкерлік нысандар төтенше жағдай салдарынан зардап шегулеріне байланысты шығынын өтеу жөнінде құжаттарын тапсыруда.
Жоғарыда көрсетілген бұйрықта ауыл шаруашылығымен айналысып отырған шаруа және фермер қожалықтары, тоғанда балық өсіру жобасы, ешкі сүт зауыты, жылыжайда лимон өсіру, жылыжайда көккөністер өсіру шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың мүліктерін өндіру көрсетілмеуіне байланысты, өтініштен бас тартылса, халық арасында наразылық туындауы сөзсіз.
Ұсыным: аудан аумағында ауыл шаруашылығымен айналысып отырған шаруа және фермер қожалықтары, жер учаскесіне салынған қызметтік үйлер және өзінің тұрғын үйімен бірге орналасқан жылыжай, сарай, монша, қора-жайларын, тоғанда балық өсіру жобасы, ешкі сүт зауыты, жылыжайда лимон өсіру, жылыжайда көккөністер өсіру шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар (қаражат жұмсау арқылы алынған ауқымды құрал-жабдықтарымен бірге) төтенше жағдайлар салдарынан зардап шегуіне байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы минстрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы «Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаралын бекіту туралы» №167 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы уәкілетті органға ұсыныс хат жолдау.
«Махамбет ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде Этика Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.
Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары
І.Кіріспе
басталды 20.06.2024-1.07.2024 жыл.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
ІІІ. Қорытынды бөлімі
Аудан әкімі аппаратында мүдделер қақтығысы бар фактілер анықталған жоқ.
Аудан әкімі аппаратымен мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.
Аудан әкімі аппаратының ережесінде рұқсат беру функциялары көзделмеген.
VII. Бақылау функцияларын іске асыру
Аудан әкімі аппаратымен бақылау функциялары іске асырылмайды.
VIІІ. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.
Аудан әкімі аппаратының есепті кезеңге арналған қаражаты толығымен жыл соңына дейін 100% пайызға толығымен игерілген, аппараттың қызметінде бюджет қаражатын игеру және бөлу функциялары қарастырылмаған.
Аудан әкімі аппаратымен ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес заңды тұлғалармен 148 мемлекеттік сатып алу шарты жасалған.
Х. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.
Аудан әкімі аппаратымен ақпараттық жүйелер әзірленбеген, себебі барлық ақпараттық жүйелер Атырау облысының әкімдігі арқылы жүргізіліп келеді.
Талдау нәтижесінде аппараттың қызметінде қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын себептерді жою бойынша ҰСЫНЫМДАР:
«КЕЛІСІЛДІ»
Жұмыс тобы мүшелері:
Кадр қызметі және персоналды бақылау
бөлімінің басшысы Д.Уташева
Жалпы және шаруашылық бөлімінің
басшысы Г.Мухтарова
Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар және
мемлекеттік көрсетілетін қызметті
бақылау бөлімі бас маманы Ш.Бағдалова
Кадр қызметі және персоналды бақылау
бөлімінің бас маманы Д.Нагимов
Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды:
Аппарат басшысының у.м.а. Ж.Дүйсембаев