«Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.
«Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2024 жылдың 20 маусымында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуді жоспарлап отыр. Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдауға қатыса алады. Қатысу үшін мүдделі тұлғалар ағымдағы жылдың 13 маусымға дейін «Махамбет тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не 8(71236)21416 телефон нөмірі бойынша жүгіне алады.