Махамбет ауданы Жалғансай ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу
туралы хабар
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Махамбет ауданы Жалғансай ауылдық округінің әкімін тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Жалғансай ауылдық округінің әкімі болыпҚайырғалиев Асылжан Саматұлы,1982жылы туған, «Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің бөлім басшысы, Атырау облысы Махамбет ауданы, Махамбет ауылының тұрғыны тіркелді.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы