Махамбет ауданы Алға және Жалғансай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытынды хабары

Махамбет ауданы Алға және Жалғансай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытынды хабары

 

 

            2024 жылғы 14 сәуірде Махамбет ауданы Алға және Жалғансай ауылдық округтері  әкімдерінің сайлауы өтті.

            Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабы                         9) тармақшасы, 44-бабы, 113-10-баптарына сәйкес, Махамбет ауданы  Алға және Жалғансай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелерін белгіледі:    

           

Алға ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1199 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 461. Жарамсыз бюллетеньдер саны 52, «Бәріне қарсымын»  белгісіне  белгі  салғандар саны  16.

            Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

М.Х.Амановқа

115

Б.Маратұлына

34

Р.Т.Мусинға

244

            Алға ауылдық округінің әкімі болып Мусин Расул Тулегенович 1990 жылы туған, «Алға ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің әкімі, Атырау облысы Махамбет ауданы, Алға ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынылған кандидат сайланды.

 

Жалғансай ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 744 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 314. Жарамсыз бюллетеньдер саны 43, «Бәріне қарсымын»  белгісіне белгі салғандар саны 7.

            Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Н.Л.Аруевқа

16

А.С.Қайырғалиевқа

142

Ғ.Ғ.Мырзағалиға

106

            Жалғансай ауылдық округінің әкімі болып Қайырғалиев Асылжан Саматұлы               1982 жылы туған, «Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің бөлім басшысы, Атырау облысы Махамбет ауданы, Махамбет ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынылған кандидат сайланды.

 

Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
15 апреля 2024