|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МАХАМБЕТ АУДАНДЫҚ ӘКІМДІГІ
|
|
АКИМАТ
МАХАМБЕТСКОГО РАЙОНА АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
|
|
ҚАУЛЫ
|
|
ПОСТАНОВЛЕНИЕ
|
2024 жылғы 20 наурыздағы № 98
Махамбет аудандық әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Махамбет ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Махамбет ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 352 «Махамбет ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынан квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3728 болып тіркелген) және 2017 жылғы 6 қыркүйектегі № 295 «Махамбет аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 352 «Махамбет ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынан квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3952 болып тіркелген) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Махамбет ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Махамбет ауданының әкімі
|
|
К. Нурлыбаев
|
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 20.03.2024
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 5159-06 болып енгізілді
Результаты согласования
Акимат Атырауской области - Главный специалист Шамшырақ Жандарбекқызы Бағдалова, 19.03.2024 17:08:13, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі
Департамент юстиции Атырауской области - Руководитель департамента Асулан Нурланович Каримов, 19.03.2024 18:01:17, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі
Результаты подписания
Махамбет аудандық әкімдігі - Махамбет ауданының әкімі К. Нурлыбаев, 20.03.2024 10:34:35, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі