Сарытоғай ауылының шекарасын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 3 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 31 - баптарына сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕМІЗ және Махамбет ауданы мәслихаты ШЕШТІК:
- Жалпы ауданы 368,91 гектар, ұзындығы 8778 метр болып Махамбет ауданы, Махамбет ауылдық округі Сарытоғай ауылының шекаралары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
- Бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын қадағалау Махамбет ауданы әкімінің орынбасары (А.Аймуратов) және Махамбет ауданы мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика, экономика және қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комисиясына (И.Мұханбеталиев) жүктелсін.
- Осы бірлескен қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Махамбет ауданының әкімі Қ.Нұрлыбаев
Махамбет ауданы мәслихатының
төрағасы К.Мажиев