|
Махамбет ауданы Алға және Жалғансай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабының 2-тармағына сәйкес Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Махамбет ауданы Алға және Жалғансай ауылдық округтері шекарасында Алға және Жалғансай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтері құрылсын.
2.Сайлау округтерінің тізімі мен шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
|
Төраға |
Р. Тұрдағали |
|
|
|
|
Хатшы |
М. Қабдол |
Махамбет ауылы
2024 жылғы 6 наурыз
№5