Махамбет аудандық әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Махамбет ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Махамбет ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 352 «Махамбет ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынан квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3728 болып тіркелген) және 2017 жылғы 6 қыркүйектегі № 295 «Махамбет ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 352 «Махамбет ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынан квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3952 болып тіркелген) қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Махамбет ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Махамбет ауданының әкімі
|
|
К. Нурлыбаев
|