Махамбет ауданы Сарайшық ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы хабары
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Махамбет ауданы Сарайшық ауылдық округінің әкімін тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Сарайшық ауылдық округінің әкімі болып Кенжегалиева Жаннат Гапуовна 1969 жылы туған, «Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі директорының әкімшілік шаруашылық жөніндегі орынбасары, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ескі Сарайшық ауылының тұрғыны тіркелді.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы