Махамбет ауданы Сарайшық ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытынды ХАБАРЫ
2024 жылғы 25 ақпанда Махамбет ауданы Сарайшық ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабы 9)тармақшасы, 44-бабының 2-тармағы, 45-бабы, 113-10-баптарына сәйкес, Махамбет ауданы Сарайшық ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелерін белгіледі:
Сарайшық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1549 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 905. Жарамсыз бюллетеньдер саны 32, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны 72.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
|
Ж.Л.Даулеткалиевке |
98 |
|
Е.М.Идрисовқа |
149 |
|
Ж.Г.Кенжегалиеваға |
554 |
Сарайшық ауылдық округінің әкімі болып Кенжегалиева Жаннат Гапуовна 1969 жылы туған, Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі директорының әкімшілік шаруашылық жөніндегі орынбасары, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ескі Сарайшық ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынылған кандидат сайланды.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы