Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5-бабы, 9-тармағына сәйкес, Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Махамбет ауданы Сарайшық ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Даулеткалиев Жасулан Лесович 1987 жылы туған, «Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы, Махамбет ауданы, Ақжайық ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Кенжегалиева Жаннат Гапуовна 1969 жылы туған, «Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі директорының әкімшілік шаруашылық жөніндегі орынбасары, Махамбет ауданы, Ескі Сарайшық ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Идрисов Ербол Мусалимұлы 1986 жылы туған, «Махамбет аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-нің «Өнерпаз аудандық мәдениет үйі» КМҚК-ың басшысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы