Махамбет аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 63 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы

   Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Махамбет аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 63 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5082-06 болып тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:

Көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:

мынадай мазмұндағы 5-1 тармақпен толықтырылсын: 

«5-1. Мереке күніне  әлеуметтік көмек бір рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі».

15 ақпан 2024 жылы – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35 жыл толу мерекесіне:

  • оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілерге - 150 000 (бір жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
  • Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілерге - 150 000 (бір жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
  • бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілерге - 150 000 (бір жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
  • Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге - 150 000 (бір жүз елу мың) теңге мөлшерінде.
  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Мәслихат төрағасы

Қ.Мажиев

Махамбет аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 63 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
Дата публикации
23 января 2024