|
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылдық округі әкімдігінің
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі:
2023 жылдың 4 қаңтары мен 6 желтоқсан аралығы.
Талдау объектісінің толық атауы:
«Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылы, Әйтеке би көшесі №1
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатырған жұмыстарға баға берілді. Бұл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кұрес іс –қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы .«Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылдың 6 желтоқсанындағы № 118 - Ө өкімімен құрылған төмендегі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді.
1.Зулхашев Сейлбек округ әкімі, топ жетекшісі
2.Утегалиева Салимаш бас маман
3.Смадияр Алмаш бас маман есепші
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі:
2023 жылдың 4 қаңтары мен 6 желтоқсан аралығы.
1.Персоналды басқару, мәселелері.
Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппаратында штат саны бойынша 6 мемлекеттік қызметкер, оның ішінде 5 бас-маман қызмет етеді. 2023 жылдың қаңтар айында 1 мемлекеттік қызметкер өз еркімен басқа жұмыс орнына ауысуына байланысты жұмыстан босатылған. Жұмыстан босатылған қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа байланысы болмаған. Округ әкімі аппаратында өзінің жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алмаған. Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік қызметкерлері 2023 жылы мемлекеттік қызметке кір келтіретін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе теріс қылықтар үшін тәртіптік жауаптылыққа тарту фактілері анықталған жоқ.
2.Мүдделер қақтығысын реттеу
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес мүдделер қақтығысы мемлекеттік
Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппаратында мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету
Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппараты ҚР «Мемлекеттік қызмет көрсету» туралы заңына сәйкес 6 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
1) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
Қызмет көрсету мерзімі- 13 жұмыс күні.
2023 жылы 2 өтініш түсті.
2) «Кент ауыл жерлерінен жер учаскелерін беру»
Қызмет көрсету мерзімі- 28 жұмыс күні.
2023 жылы өтініш түскен жоқ
3) «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
Қызмет көрсету мерзімі- 20 минут ішінде
2023 жылы өтініш түскен жоқ.
4) «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп, не бөліп төлеу арқылы сату»
Қызмет көрсету мерзімі - 5 жұмыс күні.
2023 жылы 5 өтініш түсті.
5)«Сауда саттықты (конкурстарды,аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарын алу бойынша» (өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу)
Қызмет көрсету мерзімі- 15 жұмыс күні.
2023 жылы 13 өтініш түсті.
6) «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»
Қызмет көрсету мерзімі- 10 жұмыс күні.
2023 жылы 1 өтініш түсті.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.
Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппараты рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды.
5.Округке келіп түскен Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша:
Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппаратына 2023 жылы «Е-өтініш» жүйесі бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны - 17.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес уақытылы жауап берілді.
6. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы.
«Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады. Ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлерімен әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық мемлекеттік қызметке қайшы келетін іс-әрекеттер жасау,
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексінің нормаларында, еңбек тәртібінде бұзушылық жіберу фактілері анықталған жоқ.
Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі, сондай-ақ азаматтарды қабылдау кестесі, сенім телефондары орналастырылған. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша лауазымды тұлғалардың өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар анықталған жоқ.
7. Бақылау функцияларын іске асыру
Округ әкімі аппаратымен бақылау функциялары іске асырылмайды.
8.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу
Округ әкімі аппаратының 2023 жылға арналған қаражаты толығымен жыл соңына дейін 100% пайызға толығымен игерілген.
9.Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.
2023 жылдың 4 қаңтар мен 6 желтоқсан аралығында Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппараты ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес заңды тұлғалармен 69 мемлекеттік сатып алу шарты жасалған.
10.Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.
Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлері Махамбет ауданының жергілікті атқару органдарының мемлекеттік қызметкерлерін оқыту жоспар кестесіне сай уақытылы қайта даярлау курстарынан өтіп отырады. Бұқаралық ақпарат құралдарында «Бейбарыс ауылдық округі әкімі
аппараты» ММ – і және мемлекеттік қызметкерлерге қатысты негативті баспалар жоқ.
11.Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
Округ әкімдігіндегі жалпы құжат айналымы:
2023 жыл бойы жалпы құжат айналымының саны 1543 (оның ішінде,
кіріс – 718, шығыс – 825 ) құрады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер.
Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ. Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппаратында есептік кезеңде 50 шешім және 120 өкім шығарылған. Аталған актілерге талдау жасау нәтижесінде, жемқорлық тәуекелдеріне қатысты кемшіліктер анықталған жоқ.
Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппаратында үнемі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау сыбайлас жемқорлық көрінулеріне қатысты ұжымда негативті көзқарас құру бойынша қажетті шаралар қабылдануда. Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту, оның тиімділігін жоғарлату бойынша ҰСЫНЫМДАР:
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жалғастыру;
2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру, БАҚ-та кеңінен ақпараттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру;
«КЕЛІСІЛДІ»
Жұмыс тобы мүшелері:
Бейбарыс ауылдық округініің бас маманы Утегалиева Салимаш Бейбарыс ауылдық округінің бас маман есепші Смадияр Алмаш
Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды.
Бейбарыс ауылдық округінің әкімі Зулхашев Сейлбек
9 қаңтар 2024 жыл
|