Атырау облысы Махамбет ауданы Жалғансай ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2023 жыл бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

Атырау облысы Махамбет ауданы Жалғансай ауылдық округі әкімі  аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2023 жыл бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

 

Талдау кезеңі: 2023 жылдың 1желтоқсан – 26 желтоқсан  аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:                2023 жыл.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

2.Мүдделер қақтығысын реттеу                                                                                 3.Мемлекеттік қызмет көрсету

4.Рұқсат беру функцияларын іске асыру  

5.Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері      

6.Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

7.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

Талдамалық обьекті туралы мәлімет

Атырау облысы Жалғансай ауылдық әкімі аппараты  ауылдық округі әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге  асыратын атқарушы орган.

Ауылдық округ әкімі аппаратты ауылдық округі әкімі басқарады.

Ауылдық округі әкімі аппараты бас мамандардан тұрады.

 

«Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ Атырау облысы, Махамбет ауданы, Жалғансай ауылы,  М.Өтемісов көшесі №1.

 

1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Жалғансай ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті  қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Жалғансай ауылдық округі әкімі аппаратында штат саны бойынша 4 мемлекеттік қызметкер бар. Қазіргі уақытта 1 бос лауазымдық орын бар.

2.Мүдделер қақтығысын реттеу

Жалғансай ауылдық округі әкімі аппаратында мүдделер қақтығысы жоқ.

 

3.Мемлекеттік қызмет көрсету

Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді.   

1)«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»      Қызмет көрсету мерзімі – 13 (он үш) жұмыс күн. 2023 жылға 2 өтініш түсіп, қанағаттандырылды. Қызмет көрсету мерзімі бұзылған өтініш жоқ.

2)«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»

Қызмет көрсету мерзімі – І кезең – 28(жиырма сегіз)  жұмыс күн, 2 кезең – 18 (он сегіз) жұмыс күн. 2023 жыл ішінде 1 өтініш түсті, орындалуда.      

3)«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»

Қызмет көрсету мерзімі – 20 (жиырма) минут ішінде. 2023 жылы  өтініш түскен жоқ.

4)«Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»

Қызмет көрсету мерзімі - 5 жұмыс күн. 2023 жыл ішінде  3 арыз түсіп, қанағаттандырылды. Қызмет көрсету мерзімі бұзылған өтініш жоқ.

5) «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»

Қызмет көрсету мерзімі – 1 кезеңнен (12 жұмыс күн) және 2 кезеңнен (3 жұмыс күн) тұрады. 2023 жыл ішінде 3 арыз түсіп, қанағаттандырылды. Қызмет көрсету мерзімі бұзылған өтініш жоқ.

6) «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»

Қызмет көрсету мерзімі – көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні. 2023 жыл ішінде 1 арыз түсіп, қанағаттандырылды. Қызмет көрсету мерзімі бұзылған өтініш жоқ.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Жалғансай ауылдық округі әкімі аппаратында рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Ауылдық окркугі әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралу сапасы

Жалғансай ауылдық округі әкімі аппаратына 2023 жыл ішінде жеке тұлғалардан -8 өтініш пен  2  ұсыныс түсті, заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ. Өтініштерге заңға сәйкес уақытылы жауаптар жолданған.

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

Жалғансай ауылдық округі әкімі аппаратында Этика Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.

7.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

 

Ауылдық округі әкімі

Ғ.Мырзағали

 

Ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

 

М.Балатаева

Ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

 

Р.Мұхышева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

 

І.Кіріспе

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: Атырау облысы,  Махамбет ауданы  Жалғансай ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізілді: «Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Жалғансай ауылы, Өтемісов көшесі №1, электронды пошта: m.zhalgansai_okrugi@atyrau.gov.kz   телефон нөмірі 871(236)2-40-01
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі:

басталды:  1 желтоқсан, аяқталды 26 желтоқсан.

  1. Бақыланатын кезең: 2023 жылы.

 

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

 

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

Тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталмады.

 

ІІІ. Қорытынды бөлімі

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.

          Жалғансай ауылдық округі әкімі аппаратында 2023 жылдың                            қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізу.

 

 

 

 

 

Дата публикации
08 января 2024