Алға ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Алға  ауылдық  округі   әкімі аппаратының қызметіне жүргізілген

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

І.КІРІСПЕ БӨЛІМІ: 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Алға ауылдық округі  әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – ауылдық  округ  әкімі  аппараты)  қызметі табылады.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы№ 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды аппараттың
    2023 жылғы 24 қарашадағы   №79-ө    өкімімен  құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:

1)Мусин  Расул  Тулегенович  - округ  әкімі;         

2)Нұрғожа  Гүлнар  Хасанқызы  -  Алға ауылдық  округі  әкімі  аппаратының  бас маманы;

3)Рысқалиев  Ахмедияр  Наурызбайұлы - Алға ауылдық  округі  әкімі  аппаратының  бас маманы.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі  талдауда   2023  жылдың 05 қаңтары мен  20 қараша   аралығындағы кезең қамтылды.
  2. Округ әкімі Р.Мусинге  топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі:2023 жылдың 25 қарашасы – 25 желтоқсан аралығы.

ІІ. СИПАТТАМА БӨЛІМІ:

Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Округ  әкімі  аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (бұдан әрі қарай - НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Округ  әкімі  аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Талданатын объект туралы мәліметтер:

Алға ауылдық округі әкімі аппараты (бұдан әрі - әкімнің аппараты)  ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

Әкімнің  аппараты  өз  қызметін  Қазақстан  Республикасының  Конституциясына және  заңдарына, Қазақстан  Республикасының  Президенті  мен  Үкіметінің актілеріне, өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілерге, сондай-ақ  осы  ережеге сәйкес  жүзеге  асырады. Есепті  кезеңде  округ  әкімі  аппаратында  өз  қызметін жүзеге  асыру  барысында  сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар орын алмаған.

Мекен-жайы: Мемлекеттік  мекеменің  толық  атауы – «Алға  ауылдық  округі  әкімі аппараты» мемлекеттік  мекемесі.

Заңды мекен-жайы: индексі 060703, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Алға ауылы, Орталық көшесі, үй 9.               

         

Округтің   қызметіне, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, НҚА-ды, бөлімдер өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.

        Электронды  шаруашылық   кітабы  туралы:  электрондық  шаруашылық кітабы ретінде   «Аким»  базасы   2013 жылдан бері  қолданыста,   шаруа  қожалықтар мен  жеке  тұрғындардың  мәліметтері  «Аким»  базасына   заңдылыққа  сай толтырып,  әр  жарты  жыл  сайын   қолмен  және  жеке  қожалықтармен  шаруа  қожалықтарының  айтуымен  , статистикалық  есеп  парақшасы  бойынша мәліметтер  жаңартылып толтырылып , аудандық статистика  бөліміне  айлық және тоқсандық  мал  басы,  егін  шаруашылығы  туралы  статистикалық  мәліметтер    жинақтап, есебі  тапсырылады.  «Аким»  базасымен  АШЖБ  жүйесін  жаңарту бойынша  жұмыстар  2020  жылғы  қаңтарда  басталып, ал  жаңа  платформаға  толық  жыл  соңына  көшірілген  «Ауыл  шаруашылығы  жануарларын бірдейлендіру» АЖ  жануарларды  есепке  алу  дерекқорындағы  мәліметтер  сәйкес  келе  бермейді.  «Ауыл  шаруашылығы  жануарларын  бірдейлендіру» АЖ жануарларды  есепке  алу  дерекқоры  ауыл  шаруашылығы  жануарларын бірдейлендіру «Ауыл  шаруашылығы  жануарларын  бірдейлендіру  қағидаларын бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Ауыл  шаруашылығы  министрінің 2015  жылғы  30  қаңтардағы  № 7-1/68  бұйрығымен  реттеледі. Статистикалық  есептердің  дұрыс  бірдей  болуы  үшін  «Аким»  базасымен  «Ауыл  шаруашылығы жануарларын  бірдейлендіру»  АЖ  жануарларды  есепке  алу  дерекқоры  (ИЖС) арасында  байланыс  орнатып, біріздендіру  қажет.

          «Е-Халық»  жүйесі  2018  жылдан  бастап  қолданысқа  енгізілген. Атаулы әлеуметтік  көмек  тағайындау  үшін . «Е-Халық»  жүйесінде  тұрғындардың  барлық тіршілігіне  байланысты  ақпарат  жинақталады.

«Е-Халық» базасын  одан  әрі  дамыту  бойынша   мемлекеттік  басқару  жүйесін жетілдіруге  жәрдемдесу.

  • Жүйеде 2018 -2020  жыл  аралығында  отбасы  мүшелерін  тіркеу  кездегі қосымшалау  батырмасын  басып, қажетті  адамның  ЖСН  теріп  іздеу  батырмасын басқан  кезде  өзіне  қатысты  отбасы  мүшелері (жолдасы, балалары) түгел қосылатын. Отбасына  жаңадан  қосылған  отбасы  мүшелерін  тез  тауып  қосуға қолайлы  болатын. Қазір  сол  батырма  істен  шыққан. Сол  батырма  отбасы мүшелерін  толық  қамтып  қосуға  қолайлы  болып  табылады.
  • Отбасы мүшелерін  жүйедегі  мекен-жайға  қосу  және  шығару  жүйесі  автоматты түрде  орын  алатын  болса  жақсы  болады. Себебі  қазіргі  таңда  Егов  порталы арқылы  тұрақты  тіркеуі  Алға  ауылында  болсада, жүйе  арқылы  басқа  мекен-жайға  тіркеле  береді. Осы  тетікті  жаңартатын  болса  жаңадан  дүниеге  келген балалар, жаңадан  көшіп  келіп  мекен-жайын  жаңартқан  отбасы  мүшелерін  тіркеу қолайлы  болады.
  • Жүйеде «Ауыл  шаруашылғы  қызметі»  бөлімінде, отбасына  қатысты  мал  басы саны  Махамбет  аудандық  статистика  бөлімі  мәліметімен  сәйкес  келмейді. Жаңару  тоқсан  сайын  өзгертіліп  тұрса, жақсы  болар еді. Соңғы жаңартылу 29.10.2020 жылы  болған.
  • Жүйеге жаңадан  пайдалануға  берілген   тұрғын  үй  автоматты  және  қолмен  де  енгізілмейді.  Сол  тетігі  қарастырылмаған.

1.Персоналды  басқару, соның  ішінде  кадрлардың  ауысуы

Алға  ауылдық  округі  әкімі  аппаратының  құрылымы  мен  штат  санының лимиті  қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес  бекітілген. Алға  ауылдық  округі  әкімі аппаратында  штат  саны  бойынша  5  мемлекеттік  қызметкер  бар.  Қазіргі уақытта бос  лауазымдық  орын  жоқ.

2.Мүдделер  қақтығысын  реттеу

Округте   мүдделер  қақтығысы  жоқ.

3.Мемлекеттік  қызмет  көрсету

Алға  ауылдық  округі  әкімі  аппараты  4  мемлекеттік  қызмет  көрсетеді.     

1) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»       Қызмет көрсету мерзімі – 13 жұмыс күні. Есепті  кезеңде     өтініш   түскен жоқ.

2) «Елді мекендер шегінде обьектілер салу үшін жер учаскелерін беру»

Қызмет көрсету мерзімі – 46   жұмыс  күн.  Есепті  кезеңде өтініш  түскен жоқ.

3) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.

Қызмет  көрсету  мерзімі - көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

І этап  бойынша  - 10  

ІІ этап  бойынша – 1  мемлекеттік  қызмет  көрсетілді.

4) Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату.

Қызмет  көрсету  мерзімі - көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған  күннен  бастап – 5 (бес)  жұмыс  күні;

«Жер  учаскесін  жеке  меншікке   ақысын бірден  төлеп  не  бөліп  төлеу  арқылы  сату»   бойынша  2  қызмет  көрсетілді .

        Сонымен қатар, ішкі  бақылау  бойынша, 2023  жылға  арналған  мемлекеттік көрсетілетін  қызмет  сапасын  ішкі  бақылау іс-шараларының  жоспарына  сәйкес, есепті  кезеңнін тамыз  айында  мемлекеттік  мекеменің  жұмысы  тексерілді.

Ішкі  мемлекеттік  бақылау  шараларының  нәтижесінде  заң  нормаларын  сақталып,  кемшіліктер  орын  алмағандығы  белгілі  болды.

          Округте  өз – өзіне  қызмет  көрсету  бұрышы   жұмыс  жасайды, жыл  басынан  тұрғындар  447  мемлекеттік  қызмет  түрін  және  273  тұрғын  электронды  сандық  қолтаңба (ЭЦҚ)  алды.

  1. Рұқсат беру функцияларын  іске  асыру

Алға  ауылдық  округі  әкімі  аппаратында  рұқсат  беру  функциялары  жоқ.

  1. Округке келіп  түскен  жеке  және  заңды  тұлғалардың  өтініштері

Қазақстан  Республикасының  Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі   2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген. Кодекстің  негізгі  бағыты  әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізу болып табылады.

         Осыған орай, әкімшілік  органдар  мен  лауазымды  тұлғаларға  түсетін  барлық  жазбаша (қағаз немесе электрондық) немесе ауызша  нысандағы жолданымдар Кодекс  талаптарына  сәйкес тіркеледі, қаралады  және  шешім қабылданады.

          Есепті  кезеңде  «Е-Өтініш»  бойынша  әртүрлі  мәселемен  14  өтініш  түсті, оның  біреуі  жеке  қабылдауда  болған, барлығына  мерзімін  асырмай  уақытылы  жауап  берілді.

  1. Әдеп кодексі нормалары  мен  сыбайлас  жемқорлық  заңдарының сақталуы

Алға  ауылдық  округі  әкімі  аппаратында  Әдеп  Кодексі  мен  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  күрес  Заңының  талаптары  қатаң  сақталады.

  1. Бақылау функцияларын іске  асыру

          Округ  әкімі  аппаратымен  бақылау  функциялары  іске  асырылмайды.

 

  1. Бюджет  және  қаржы  қаражатын  игеру  және  бөлу.

          Округ  әкімі  аппаратының  2023  жылдың  4  қаңтар - 20  қараша  аралығындағы  арналған  қаражаты  толығымен , жыл  соңына  дейін  99%  пайызға   игерілген, аппараттың  қызметінде  бюджет  қаражатын  игеру  және бөлу  функциялары  қарастырылған.

 

  1. Жеке және  заңды  тұлғалармен  шарттар жасасу.

          2023  жылдың  4  қаңтар  - 20  қараша  аралығындағы  ауылдық  округ  әкімі аппаратымен ҚР «Мемлекеттік  сатып  алу  туралы» Заңына  сәйкес  заңды тұлғалармен  50  мемлекеттік  сатып  алу  шарты  жасалған.

 

  1. Ақпараттық жүйелерді  әзірлеу  және  пайдалану.

          Округ   әкімі  аппаратымен  2023  жылдың  4  қаңтар - 20  қараша  аралығындағы  ақпараттық  жүйелер  әзірленбеген, себебі  барлық  ақпараттық жүйелер  Махамбет  аудандық  әкімдігі  арқылы  жүргізіліп  келеді.

 

  1. Талдау объектісінің  ұйымдастырушылық-басқарушылық  қызметінен туындайтын  өзге  де  мәселелер.

Округ  әкімі  аппаратының   жалпы  құжат  айналымы:

          2023  жылдың  4  қаңтар - 20  қараша  аралығындағы   жалпы құжат айналымының саны   1263          (оның ішінде,        кіріс – 550 , шығыс – 713 ) құрады.   

ІІІ. Қорытынды бөлімі

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

Округ  әкімі аппаратының  бас маманы

Е-Халық” базасын одан әрі дамыту бойынша  мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге жәрдемдесу.

1.Жүйеде 2018 -2020 жыл аралығында отбасы мүшелерін тіркеу кездегі қосымшалау батырмасын басып, қажетті адамның ЖСН теріп іздеу батырмасын басқан кезде өзіне қатысты отбасы мүшелері (жолдасы, балалары) түгел қосылатын. Отбасына жаңадан қосылған отбасы мүшелерін тез тауып қосуға қолайлы болатын. Қазір сол батырма ізтен шыққан. Сол батырма отбасы мүшелерін толық қамтып қосуға қолайлы болып табылады.

2.Отбасы мүшелерін жүйедегі мекен-жайға қосу және шығару жүйесі автоматты түрде орын алатын болса жақсы болады. Себебі қазіргі таңда Егов порталы арқылы тұрақты тіркеуі Алға ауылында болсада, жүйе арқылы басқа мекен-жайға тіркеле береді. Осы тетікті жаңартатын болса жаңадан дүниеге келген балалар, жаңадан көшіп келіп мекен-жайын жаңартқан отбасы мүшелерін тіркеу қолайлы болады.

3.Жүйеде «Ауыл шаруашылғы қызметі» бөлімінде, отбасына қатысты мал басы саны Махамбет аудандық статистика бөлімі мәліметімен сәйкес келмейді. Жаңару тоқсан сайын өзгертіліп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді. Соңғы жаңартылу 29.10.2020 жылы болған

4.Жүйеге  жаңадан  пайдалануға  берілген   тұрғын  үй  автоматты  және  қолмен де  енгізілмейді.  Сол  тетігі  қарастырылмаған.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау деңгейі орташа

Округ  әкімі аппаратының  бас маманы

«Ауыл  шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» АЖ жануарларды  есепке алу дерекқоры  (ИЖС) арасында  байланыс  орнатып, біріздендіруді  ұсынамыз.

«Аким»   базасымен    

 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» АЖ жануарларды есепке алу дерекқорындағы   мәліметтер   сәйкес  келмейді. 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығы орташа

 

          

 

ҰСЫНЫМДАР:

          Талдау нәтижесінде аппараттың қызметінде қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын себептерді жою бойынша ҰСЫНЫМДАР:

1.Махамбет  аудандық   әкімі  аппаратына:  «Аким»  базасымен  «Ауыл  шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» АЖ жануарларды  есепке алу дерекқоры  (ИЖС) арасында  байланыс  орнатып, біріздендіруге қатысты мәселені пысықтау мақсатында ұсыныс хат жолдау.

  1. Махамбет аудандық әкімі аппаратына: Е-Халық” базасын одан әрі дамыту бойынша   өзгерістер енгізу үшін ұсыныс хат жолдау;
  2. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкесіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды орындау және уәкілетті органға хаттар жолдауға қатысты іс-шара жоспарын құру.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Жұмыс  тобы  мүшелері:

 

 

Алға  ауылдық  округінің  бас маманы                                            Г.Нұрғожа

 

Алға  ауылдық  округінің  бас маманы                                       А.Рысқалиев

 

 

Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды:

 

 

Алға  ауылдық  округ  әкімі                                                                    Р.Мусин

 

 

                                                                            4 қаңтар   2024 жыл

Дата публикации
04 января 2024